https://sputnik.kz/20260602/pashinyan-armeniya-eaeo-ayasyndagy-zhumysyn-zhalgastyratynyn-malimdedi-63865435.html
Пашинян Армения ЕАЭО аясындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді
Пашинян Армения ЕАЭО аясындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Арменияда Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасында таңдау жасау жөнінде референдум өткізу әзірге қисынсыз 02.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-02T14:31+0500
2026-06-02T14:31+0500
2026-06-02T14:31+0500
еаэо
армения
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166388_0:131:3074:1860_1920x0_80_0_0_670fbf4e808721227c54af405ca9db13.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елдің Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.Оның айтуынша, Армения Еуроодаққа ресми өтініш бермейінше немесе ЕО-ға мүшелікке үміткер мәртебесіне жақындамайынша, бұл мәселе бойынша референдум өткізу қисынсыз.Армения 2025 жылы Еуроодаққа кіру ниетін жариялаған болатын, алайда бұл ұйым Ереванға ресми шақырту жасамаған.Никол Пашинянның айтуынша, Армения ЕО мен ЕАЭО-ға бір мезгілде мүшелік етудің үйлеспейтінін түсінеді, бірақ "мүмкіндік болып тұрғанда екі бағыттағы күн тәртібін қатар алып жүре береді".Арменияға қатысты жағдай Астанадағы ЕАЭО саммитінде талқыланды, Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан басшылары бұл мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады.
https://sputnik.kz/20260529/eaeo-elderinin-basshylary-armeniyaga-qatysty-birlesken-malimdeme-zhasady-63819761.html
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1a/17166388_274:450:2405:2048_1920x0_80_0_0_a343daaa18abcf03d00cf772ed731174.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, армения
Пашинян Армения ЕАЭО аясындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді
Арменияда Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасында таңдау жасау жөнінде референдум өткізу әзірге қисынсыз
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елдің Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.
"Еуразиялық экономикалық одақта біз жұмыс істеп келеміз және Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында таңдау жасау қажеттілігі туындағанға дейін жұмыс істей береміз. Ал бұл шешімді, әрине, Армения Республикасының халқы референдум арқылы қабылдайды", – деді Пашинян.
Оның айтуынша, Армения Еуроодаққа ресми өтініш бермейінше немесе ЕО-ға мүшелікке үміткер мәртебесіне жақындамайынша, бұл мәселе бойынша референдум өткізу қисынсыз.
"Сол себепті ЕАЭО аясындағы жұмысымызды ешқандай дау-дамайсыз жалғастырамыз. Бұл бағытта бізде әлі де әлеует бар, оны жақын арада пайдаланамыз деп сенемін", – деді Пашинян.
Армения 2025 жылы Еуроодаққа кіру ниетін жариялаған болатын, алайда бұл ұйым Ереванға ресми шақырту жасамаған.
Никол Пашинянның айтуынша, Армения ЕО мен ЕАЭО-ға бір мезгілде мүшелік етудің үйлеспейтінін түсінеді, бірақ "мүмкіндік болып тұрғанда екі бағыттағы күн тәртібін қатар алып жүре береді".
Арменияға қатысты жағдай Астанадағы ЕАЭО саммитінде талқыланды, Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан басшылары бұл мәселе бойынша
бірлескен мәлімдеме қабылдады.