https://sputnik.kz/20260807/futboldan-ulttyq-quramanyn-bas-bapkeri-lauazymyna-kandidat-belgili-boldy-65530133.html
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Федерация жарғысына сәйкес, ҚФФ Атқарушы комитеті де өз келісімін беру керек 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T13:14+0500
2026-08-07T13:14+0500
2026-08-07T13:15+0500
қазақстан футбол федерациясы
ұлттық құрама
бапкер
https://sputnik.kz/img/07ea/08/07/65527195_54:206:1530:1036_1920x0_80_0_0_d0d5c19275af5e0c9c0160a0b738dcca.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Федерация жарғысына сәйкес, ҚФФ Атқарушы комитеті де өз келісімін беру керек. Осыдан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да жасақталды. Бас бапкердің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов болса, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский, Тимур Құсайынов сарапшы бапкер қызметін атқарады.Шкиптің жетістіктеріДжон ван ’т Шкип бұрын Амстердамның "Аякс" және Италияның "Дженоа" клубтарында өнер көрсеткен. Нидерланд құрамасында ойнады. Осы құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы да атанған болатын. Ал бапкерлік жолын "Аякста" бастаған, бас бапкер қызметін атқарды.Сондай-ақ "Твенте", "Зволле", Мексиканың "Гвадалахара" және Аустралияның "Мельбурн Сити" командаларына жетекшілік етті. 2016 жылы "Мельбурн Сити" клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.Джон ван ’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларына да бас бапкер болған.
https://sputnik.kz/20260429/bas-bapker-auysuy-mumkin---qayrat-futbol-kluby-resmi-malimdeme-zhasady-63055917.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/07/65527195_219:153:1455:1080_1920x0_80_0_0_7e170490132150c164eba187bafe7a2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан футбол федерациясы, ұлттық құрама, бапкер
қазақстан футбол федерациясы, ұлттық құрама, бапкер
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды
13:14 07.08.2026 (жаңартылды: 13:15 07.08.2026) Федерация жарғысына сәйкес, ҚФФ Атқарушы комитеті де өз келісімін беру керек
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Федерация жарғысына сәйкес, ҚФФ Атқарушы комитеті де өз келісімін беру керек. Осыдан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да жасақталды. Бас бапкердің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов болса, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский, Тимур Құсайынов сарапшы бапкер қызметін атқарады.
Джон ван ’т Шкип бұрын Амстердамның "Аякс" және Италияның "Дженоа" клубтарында өнер көрсеткен. Нидерланд құрамасында ойнады. Осы құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы да атанған болатын. Ал бапкерлік жолын "Аякста" бастаған, бас бапкер қызметін атқарды.
Сондай-ақ "Твенте", "Зволле", Мексиканың "Гвадалахара" және Аустралияның "Мельбурн Сити" командаларына жетекшілік етті. 2016 жылы "Мельбурн Сити" клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Джон ван ’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларына да бас бапкер болған.