Бас бапкер ауысуы мүмкін - "Қайрат" футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба ФК "Кайрат""Қайрат" командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин
Қайрат командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Жазылу
Маманның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін жарамды
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. "Қайрат" футбол клубы ақпараттық кеңістікте тараған бас бапкердің ауысуы мүмкін екені туралы мәліметтерге қатысты ресим жауап берді.
Клуб Рафаэль Уразбахтинге және оның бапкерлер штабына толық сенім білдіретінін хабарлады.
"Маманның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін жарамды. Бас бапкер қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс қарастырылып жатқан жоқ. Оның жетекшілігімен команда ішкі және халықаралық ареналарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді, ал осы маусымда жеті турдан кейін Қазақстан премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынды иеленіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
"Қайрат" ФК мұндай жарияланымды команда төңірегінде жасанды түрде шиеленіс туғызу және клуб ішіндегі жұмыс атмосферасын тұрақсыздандыру әрекеті ретінде бағалайтынын жеткізді.
"Бұл әрекет клубтың бірлігіне, таңдалған бағытқа деген сеніміне, алға қойған мақсаттарына әсер етпейді", - дейді клубта.
Жанкүйерлерден, БАҚ өкілдерінен, футбол қоғамдастығынан ресми емес дереккөздердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді және тек клубтың ресми мәлімдемесіне сүйенуді сұраймыз, дейді "Қайрат" футбол клубында.
Қайрат лондондық Арсеналдан ұтылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
"Қайрат" лондондық "Арсеналдан" ұтылды
Жаңалықтар
0