https://sputnik.kz/20260129/qayrat-londondyq-arsenaldan-utyldy-60753556.html
"Қайрат" лондондық "Арсеналдан" ұтылды
"Қайрат" лондондық "Арсеналдан" ұтылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезең кестесін бір ұпаймен жапты 29.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-29T08:00+0500
2026-01-29T08:00+0500
2026-01-29T08:00+0500
футбол
"қайрат" футбол клубы
чемпиондар лигасы
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1d/60750744_0:58:1094:673_1920x0_80_0_0_d0bde64be978423deaaa435ebbb1d628.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық "Қайрат" футбол клубы лондондық "Арсеналмен" кездесті.Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өнерін аяқтады. Турнирдің соңғы, 8-туры аясында қазақстандық команда сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" кездесіп, 3:2 есебімен жеңіліс тапты.Ойын өте жылдам әрі тартысты басталды. Матчтың 2-минутында "Арсенал" шабуылшысы Дьёкереш есеп ашты. Көп ұзамай "Қайрат" сапынан Жоржиньоға қарсы ереже бұзылып, төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Жоржиньо дәл орындап, есепті теңестірді.Дегенмен 15-минутта Хаверц алматылықтардың қорғанысындағы олқылықты пайдаланып, "Арсеналды" қайтадан алға шығарды. Ал бірінші таймның соңына қарай Мартинелли гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.Екінші таймда екі команда да сақ ойнап, қауіпті сәттер сирек тіркелді. Кездесудің аяқталуына жақын Рикардино мергендік танытып, "Қайраттың" бір голын қайтарды. Алайда бұл нәтиже ойын тағдырын өзгертуге жеткіліксіз болды.Осылайша тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған "Қайрат" плей-офф кезеңіне, яғни 1/16 финалға өте алмай, турнирдегі жорығын аяқтады.
https://sputnik.kz/20260120/qayrat-belgiyalyq-bryuggeden-zhenilip-qaldy-60545239.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1d/60750744_0:12:1094:833_1920x0_80_0_0_c2bc9af5c876e2ae8e8481d25a5441e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, "қайрат" футбол клубы, чемпиондар лигасы
футбол, "қайрат" футбол клубы, чемпиондар лигасы
"Қайрат" лондондық "Арсеналдан" ұтылды
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезең кестесін бір ұпаймен жапты
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық "Қайрат" футбол клубы лондондық "Арсеналмен" кездесті.
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өнерін аяқтады.
Турнирдің соңғы, 8-туры аясында қазақстандық команда сырт алаңда лондондық "Арсеналмен" кездесіп, 3:2 есебімен жеңіліс тапты.
Ойын өте жылдам әрі тартысты басталды. Матчтың 2-минутында "Арсенал" шабуылшысы Дьёкереш есеп ашты. Көп ұзамай "Қайрат" сапынан Жоржиньоға қарсы ереже бұзылып, төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Жоржиньо дәл орындап, есепті теңестірді.
Дегенмен 15-минутта Хаверц алматылықтардың қорғанысындағы олқылықты пайдаланып, "Арсеналды" қайтадан алға шығарды. Ал бірінші таймның соңына қарай Мартинелли гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Екінші таймда екі команда да сақ ойнап, қауіпті сәттер сирек тіркелді. Кездесудің аяқталуына жақын Рикардино мергендік танытып, "Қайраттың" бір голын қайтарды. Алайда бұл нәтиже ойын тағдырын өзгертуге жеткіліксіз болды.
Осылайша тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған "Қайрат" плей-офф кезеңіне, яғни 1/16 финалға өте алмай, турнирдегі жорығын аяқтады.