FlyArystan Алматы – Павлодар бағыты бойынша рейстерді қайта іске қосады

© Sputnik / Владислав ВодневСамолеты на взлетно-посадочной полосе
Самолеты на взлетно-посадочной полосе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Жазылу
Тікелей әуе қатынасының қайта ашылуы тұрғындарға қайтадан тікелей рейстерді пайдалануға мүмкіндік береді
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясы 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы – Павлодар – Алматы бағыты бойынша рейстерді қайта іске қосатынын хабарлады.
"Рейстер күн сайын орындалады. Бұл Алматы мен Павлодар арасындағы тұрақты әрі ыңғайлы әуе қатынасын қамтамасыз етеді", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Компанияның мәліметінше, билеттер қазірдің өзінде әуе компаниясының ресми сайтында, FlyArystan мобильді қосымшасында және туристік агенттіктер арқылы сатылымға шыққан.
"Рейстердің қайта жандануы екі қаланың тұрғындары мен қонақтарына іскерлік сапарлар, саяхаттар және туған-туыстарымен жүздесу үшін тікелей әуе қатынасын қайта пайдалануға мүмкіндік береді", – деп атап өтті компания.
FlyArystan стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейін, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қол жүгі кіреді.
Сондай-ақ компания билетпен бірге қосымша қызметтерді бір мезгілде рәсімдеген жолаушылар 70%-ға дейін үнемдей алатынын еске салды.
Первый борт FlyArystan торжественно в аэропорту Газипаши-Аланья - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2026
FlyArystan Ақтаудан Үрімшіге алғашқы рейсті іске қосты
Жаңалықтар
0