https://sputnik.kz/20260627/flyarystan-aqtaudan-urimshige-algashqy-reysti-iske-qosty-64490406.html
FlyArystan Ақтаудан Үрімшіге алғашқы рейсті іске қосты
FlyArystan Ақтаудан Үрімшіге алғашқы рейсті іске қосты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Үрімші жаңа халықаралық бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 27.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-27T13:10+0500
2026-06-27T13:10+0500
2026-06-27T13:10+0500
ақтау
қытай
рейстер
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0e/63408996_393:444:1776:1222_1920x0_80_0_0_1da88814705ad44efa4becde2ab63df3.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Үрімші жаңа халықаралық бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жаңа бағыт Қазақстан мен Қытайарасындағы көлік байланысын нығайтуға, сондай-ақ саяхат, туризм және іскерлік сапарлар мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері, ал кері бағытта сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесі жолаушылардың таңертең діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік беріп, қаламен танысуға күнін барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды.Ақтау халықаралық әуежайында жаңа бағыттың ашылуына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.Алғашқы рейстің жолаушыларына мерекелік бағдарлама мен сый-сияпаттар ұсынылды. Үрімші Халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесін авиациядағы дәстүр бойынша су бұрқамасымен қарсы алды.Жаңа бағыттың ашылуына орай жолаушылар мен экипажға фотосессия ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар табысталды.Астанадан Қытайға рейстерді іске қосудан бөлек, 2026 жылдың маусым айында әуекомпаниясы Алматы – Сиань жаңа бағытын ашып, Астана – Үрімші және Алматы – Инин бағыттарын толықтырды.
https://sputnik.kz/20260405/flyarystan-astana-men-almatydan-ystyqkolge-mausymdyq-reysterdi-iske-qosty-62394744.html
ақтау
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0e/63408996_405:378:1552:1238_1920x0_80_0_0_a51363360db50da9b59718e0910cc883.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, қытай, рейстер, ұшақ
ақтау, қытай, рейстер, ұшақ
FlyArystan Ақтаудан Үрімшіге алғашқы рейсті іске қосты
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Үрімші жаңа халықаралық бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жаңа бағыт Қазақстан мен Қытайарасындағы көлік байланысын нығайтуға, сондай-ақ саяхат, туризм және іскерлік сапарлар мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері, ал кері бағытта сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесі жолаушылардың таңертең діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік беріп, қаламен танысуға күнін барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
"FS7661 алғашқы рейсі Ақтау Халықаралық әуежайынан сағат 20:20-да ұшып шығып, бүгін жергілікті уақыт бойынша 03:05-те Үрімшіге қонды. Кері рейс Үрімшіден 04:05-те ұшып шығып, Ақтауға 05:20-да жетті", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Ақтау халықаралық әуежайында жаңа бағыттың ашылуына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Алғашқы рейстің жолаушыларына мерекелік бағдарлама мен сый-сияпаттар ұсынылды. Үрімші Халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесін авиациядағы дәстүр бойынша су бұрқамасымен қарсы алды.
Жаңа бағыттың ашылуына орай жолаушылар мен экипажға фотосессия ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Астанадан Қытайға рейстерді іске қосудан бөлек, 2026 жылдың маусым айында әуекомпаниясы Алматы – Сиань жаңа бағытын ашып, Астана – Үрімші және Алматы – Инин бағыттарын толықтырды.