ЕАЭО үкімет басшылары Шолпан-Атада жаңа келісімдерге қол қойды

© Photo : Правовой портал ЕАЭСФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Жазылу
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы күзде Минскіде өтеді
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қырғызстанда ЕАЭО елдерінің және бақылаушы мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.
Іс-шара барысында үш маңызды келісімге қол қойылды. Олар:
тауарлардың электронды саудасы туралы келісім (сатушылардың да, сатып алушылардың да мүдделерін қорғауға арналған);
ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін одақтың басқа елдері биржаларының ұйымдастырылған сауда-саттығына қатыстыру туралы келісім;
ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісім.
Сондай-ақ үкімет басшылары азық-түлік қауіпсіздігі, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру, тауарларды қадағалау жүйесі, жүк тасымалдарын цифрландыру, климаттық күн тәртібі және трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік мәселелері бойынша баяндамаларды тыңдады.
Бұған дейін Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин ЕАЭО елдерін өздерінің индустриялық әлеуетін ашу үшін өндірістік қуаттар мен шикізат базасын біріктіруге шақырған болатын.
Ал Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылы одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымы 102 миллиард АҚШ долларына дейін өседі деп болжанғанын хабарлады.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы күзде Минскіде өтеді.
Никол Пашинян  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Пашинян: Армения ЕО мен ЕАЭО-ға бір мезгілде мүше болу мүмкін емес екенін түсінеді
Жаңалықтар
0