Астанадан Омбыға әуе рейстері уақытша тоқтатылды

© VietJet QazqstanVietJet Qazqstan
VietJet Qazqstan - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Жазылу
Әуе рейстері 31 тамызға дейін тоқтатылып отыр
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. VIETJET QAZAQSTAN компаниясы "Астана – Омбы – Астана" бағыты бойынша әуе рейстерінің уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
"Омбы қаласы маңындағы әуе кеңістігін пайдалануға енгізілген кезеңдік шектеулерге және рейстердің қауіпсіз әрі тұрақты орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмауына байланысты VIETJET QAZAQSTAN Астана – Омбы – Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатады", - делінген ресми хабарламада.
Әуе рейстері 31 тамызға дейін тоқтатылып отыр. Ал билетке брон жасаған жолаушылар ақшаны толығымен қайтар алады.
"Билет VIETJET QAZAQSTAN сайтынан сатып алынған болса, әуе компаниясының байланыс орталығына, ал турагенттік немесе онлайн-агенттік арқылы сатып алған жағдайда олардың өздеріне хабарласу қажет", - дейді компания мамандары.
Дубайға рейстер тағы тоқтайды: Air Astana ұшу кестесін қанша рет өзгертті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Air Astana 21 шілдеден жаздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатады
Жаңалықтар
0