"Абылай ханның ізі қалған": Тоқаев Солтүстік Қазақстанның тарихи рөліне тоқталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевРезиденция президента Казахстана - Акорда
Резиденция президента Казахстана - Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Жазылу
Облыста түрлі этнос өкілдері өзара құрмет пен достық дәстүрін сақтап, тату-тәтті өмір сүріп жатыр
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысушыларға құттықтау жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент осы уақыт ішінде Қызылжар өңірі дамудың даңғыл жолынан өтіп, шежірелі өлкеге айналғанын атап өтті.
"Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан еліміздің астықты аймағының бірі саналады. Дихандарымыз егіншілік кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор еңбек сіңіріп жүр", - деп жазылған құттықтауда.
Аймақта ауыл шаруашылығымен қатар өңдеу өнеркәсібі, машина жасау салалары қарқынды дамып келеді. Инвестициялық жобалар қолға алынып, өндіріс орындары іске қосылды.
"Бұл өңірде күрделі кезеңде ел бірлігін сақтап, даналық пен көрегендік символына айналған әйгілі Абылай ханның ізі қалған. Солтүстік Қазақстаннан халқымызға, сондай-ақ бүкіл әлемге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен әдебиет саласының аса көрнекті өкілдері, еңбек ардагерлері, көптеген құрметті тұлғалар, әйгілі спортшылар мен құқық қорғау саласының білікті мамандары шықты", - деп толықтырды Тоқаев.
Ол облыста түрлі этнос өкілдері өзара құрмет пен достық дәстүрін сақтап, тату-тәтті өмір сүріп жатқанын атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал жаңартылып жатыр
Жаңалықтар
0