https://sputnik.kz/20260806/zansyz-nesie-berumen-1-mlrd-tengeden-astam-tabys-korgen-qostanaylyq-sottaldy-65494613.html
Заңсыз несие беру арқылы 1 млрд теңгеден астам пайда көрген қостанайлық сотталды
Заңсыз несие беру арқылы 1 млрд теңгеден астам пайда көрген қостанайлық сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет ұйымдастырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 06.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-06T10:53+0500
2026-08-06T10:53+0500
2026-08-06T10:56+0500
теңге
несие
қарыз
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет ұйымдастырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу материалдарына сәйкес, қала тұрғыны өз қызметін OLX және Instagram арқылы жарнамалаған. Заңды лицензиясы да болмаған. Соған қарамастан, мүлікті кепілге алып, ақшаны қарызға берген.Жәбірленушілердің біреуі 9 млн теңгені қарызға алған. Бірақ шартта 14 млн теңге көрсетілген. Артынан 18 млн теңге көлеміндегі тағы бір қарыз рәсімделген. Бірақ осы шарт бойынша ешқандай ақша берілмеген. Ал кредитор келісімшартты негізге ала отырып, сот шешімімен жәбірленушіден 26 млн теңге өндіріп алған. Осылайша, 50-ден астам адам тиімсіз шарттармен қарызға ақша алған.Қылмыстық жолмен алынған кірісітің жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асқан. Сот үкімімен қала тұрғыны 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.Сонымен қатар, заңсыз ақшаға сатып алынған төрт пәтер, екі жер учаскесі, Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500 және Hyundai Santa Fe автокөліктері мемлекет кірісіне тәркіленді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260802/qaryzy-kop-azamattarga-kredit-berudi-shekteu-maselesi-qarastyryldy-65403216.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге, несие, қарыз
Заңсыз несие беру арқылы 1 млрд теңгеден астам пайда көрген қостанайлық сотталды
10:53 06.08.2026 (жаңартылды: 10:56 06.08.2026) АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет ұйымдастырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалдарына сәйкес, қала тұрғыны өз қызметін OLX және Instagram арқылы жарнамалаған. Заңды лицензиясы да болмаған. Соған қарамастан, мүлікті кепілге алып, ақшаны қарызға берген.
"Азаматтардың ауыр материалдық жағдайын және екінші деңгейлі банктерден несие ала алмауын пайдаланған ол жылдық мөлшерлемесі 120%-ға дейін жететін жоғары пайызбен қарыз беріп отырған. Сонымен қатар, нотариат куәландырған шарттарда қарыздың нақты сомасы емес, алдын ала есептелген сыйақы, рәсімдеу шығындары және өзге де төлемдер қосылғандықтан, негізсіз ұлғайтылған сома көрсетілген", - делінген ресми хабарламада.
Жәбірленушілердің біреуі 9 млн теңгені қарызға алған. Бірақ шартта 14 млн теңге көрсетілген. Артынан 18 млн теңге көлеміндегі тағы бір қарыз рәсімделген. Бірақ осы шарт бойынша ешқандай ақша берілмеген. Ал кредитор келісімшартты негізге ала отырып, сот шешімімен жәбірленушіден 26 млн теңге өндіріп алған. Осылайша, 50-ден астам адам тиімсіз шарттармен қарызға ақша алған.
Қылмыстық жолмен алынған кірісітің жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асқан. Сот үкімімен қала тұрғыны 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, заңсыз ақшаға сатып алынған төрт пәтер, екі жер учаскесі, Mercedes-Benz G500, Dodge RAM 1500 және Hyundai Santa Fe автокөліктері мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.