100 миллион теңге жымқырды: күдікке ілінген қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Ол 2021 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың ақпаны аралығында Атырау қаласында Кипрдан пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен, қазақстандық әйелдің 100 миллион теңгесін алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Егер қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айырылады. Онымен қоса, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Қаржы пирамидасын құрған астаналық әйел Грузиядан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0