Рақымшылық: түрмеден босатылғандардың саны жарияланды

Түрме қоршауы
Түрме қоршауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Жазылу
4 400 ұсынысты түрмелер жолдаса, 6 900-ден астамын пробациялық қызметтер дайындаған
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қылмыстық рақымшылық аясында түрмеден босатылғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаевтың айтуынша, бүгінде соттарға рақымшылық жасау туралы 10 мыңға жуық ұсыныс жіберілді. Соның ішінде 4 400 ұсынысты түрмелер жолдаса, 6 900-ден астамын пробациялық қызметтер дайындаған.
"Қазіргі кезде соттар мыңнан астам материалды қарап шықты. Нәтижесінде қылмыстық атқару жүйесі мекемелерден 620 адам босатылды", - деді Рыспаев бүгінгі брифингте.
Түрмеден босатылғандардың бәрі әкімшілік бақылауға алынады. Ал пробациялық қызметтер жіберген өтініштердің негізінде есепте тұрған 724 адам жазадан босатылды. Сонымен қатар, сотталған 730-дан астам адамның жаза мерзімі қысқартылды.
"Қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материал жеке қаралады. Ал түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды", - деді Рыспаев.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Рақымшылық: есептен шығарылған айыппұл көлемі белгілі болды
Жаңалықтар
0