Рақымшылық: есептен шығарылған айыппұл көлемі белгілі болды

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Жазылу
Ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі әкімшілік рақымшылық аясында есептен шығарылған айыппұлдардың көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтың айтуынша, ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылды.
"Соның нәтижесінде оларға қатысты 1,3 миллионнан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды", - дейді Қабденов.
Осы орайда комитет басшысы рақымшылықтың бір реттік ізгілік шарасы екенін еске салды. Ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.
"Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады"— деп атап көрсетті Қабденов.
Айта кетері, әкімшілік рақымшылық аясында салық органдары да айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады.
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Әкімшілік амнистия: алдымен кімдердің айыппұлы кешіріледі
Жаңалықтар
0