"Бәйтеректің" жыл сайынғы таза пайдасы 400 млрд теңгеден асады деп болжанып отыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Жазылу
Өткен жылы 77 ірі жоба мен шағын және орта бизнеске арналған 27,4 мың жоба қаржыландырылды
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. "Бәйтерек" холдингінің инвестициялық және кредиттік портфелі 14,3 триллион теңгеге жетіп, 16,5 триллион теңгеге дейін артады деп болжанып отыр, бұл ретте жыл сайынғы таза пайда көлемі 400 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы холдингтің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин президентке баяндады, деп хабарлайды Ақорда.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасы Рустам Қарагойшинді қабылдады
Касым-Жомарт Токаев принял председателя холдинга Байтерек Рустам Карагойшин - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасы Рустам Қарагойшинді қабылдады
2025 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің қолдауымен 77,5 мың, соның ішінде кезекте тұрған 11,6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
"Өткен жылы 77 ірі жоба мен шағын және орта бизнеске арналған 27,4 мың жоба қаржыландырылып, экспортқа тауар шығаратын 131 кәсіпкерге қолдау көрсетілді", - деді Қарағойшин.
Ауылшаруашылық тауарларын өндіретін 7,2 мың агроқұрылым көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 11,4 мың техниканы лизингке алды.
Басқарма төрағасының айтуынша жыл соңына дейін Инвестициялық кеңестің қарауына импортты алмастыруға, экспорт пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 26 жобаны енгізу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету, ұзақмерзімді инвестиция тарту маңызды екенін атап өтіп, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін күшейту жөнінде міндет жүктеді. Сонымен қатар азаматтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударды.
Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО Национальный инвестиционный холдинг Байтерек Рустама Карагойшина - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2025
Биыл "Бәйтерек" ел экономикасына 9 трлн теңге қолдау көрсеткен
Жаңалықтар
0