https://sputnik.kz/20251223/biyl-bayterek-el-ekonomikasyna-9-trln-tenge-qoldau-korsetken-59873125.html
Биыл "Бәйтерек" ел экономикасына 9 трлн теңге қолдау көрсеткен
Биыл "Бәйтерек" ел экономикасына 9 трлн теңге қолдау көрсеткен
Sputnik Қазақстан
Осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылды 23.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-23T20:00+0500
2025-12-23T20:00+0500
2025-12-23T20:00+0500
бәйтерек
экономика
қасым-жомарт тоқаев
холдинг
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59856136_0:8:1280:728_1920x0_80_0_0_480d175874593126e517b9b2e6d9cc71.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар "Даму" қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелері таныстырылды. Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді.Кездесу соңында мемлекет басшысы инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Президент "Бәйтерек" холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20251217/qazaqstan-ekonomikasy-11-ayda-64--ke-osti-59648558.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59856136_150:0:1131:736_1920x0_80_0_0_b5879bcdd4158ff63fcfc672f063a296.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бәйтерек, экономика, қасым-жомарт тоқаев, холдинг
бәйтерек, экономика, қасым-жомарт тоқаев, холдинг
Биыл "Бәйтерек" ел экономикасына 9 трлн теңге қолдау көрсеткен
Осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылды
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды.
"Рустам Қарағойшиннің айтуынша, биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткен. Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар "Даму" қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелері таныстырылды. Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді.
"Бұдан бөлек, президентке инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы мәлімет берілді. Бұл "Инвестицияға тапсырыс" қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады. Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды", - делінген хабарламада.
Кездесу соңында мемлекет басшысы инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Президент "Бәйтерек" холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.