Жамбыл облысында баласының көзінше ішімдік ішкен тұрғын жазаланды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Оған 30 275 теңге көлемінде айыппұл салынды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баласының көзінше алкогольдік ішімдік ішкен тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, Меркі ауданының тұрғыны С. үйінде кәмелетке толмаған ұлының көзінше алкогольдік ішімдік ішіп, баланың тәрбиесіне кері әсер еткен.
"Аталған дерек бойынша оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Сот барысында азамат өз кінәсін толық мойындады.
Аталған баптың санкциясына сәйкес, құқық бұзушыға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Алайда сот оның кінәсін мойындағанын, құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, оң мінездемесін және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқартты.
Сот қаулысымен азамат С. кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК, яғни 30 275 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Шампан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2025
Ішімдік сатуға қатысты қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар
0