Сауда министрлігі бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевМясо и мясные продукты на полке в супермаркете
Мясо и мясные продукты на полке в супермаркете - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Ет бағасының өсуіне әлемде сұраныстың артуы себеп болса, нарыққа Парсы шығанағындағы оқиғалар да қосымша әсер еткен
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі ет бағасының құбылуын әлемдегі етке деген сұраныстың артуымен байланыстырады. Бұл туралы ведомство басшысы Арман Шаққалиев мәлімдеді.
"Бағаның өсуіне не себеп болғаны баршаға белгілі. Бүгінде біз жалпы етке деген сұраныстың өте жоғары екенін көріп отырмыз. Өткен жылы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының көрсеткіштеріне мониторинг жасадық. Әлемде сиыр етіне сұраныс артып келеді. Ал Парсы шығанағындағы оқиғалар қой еті бағасының құбылуына ықпал етті", – деді Шаққалиев.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда ет бағасы күрт қымбаттап жатқан жоқ.
"Бағаның күрт шарықтағанын байқап отырған жоқпыз. Баға, әрине, өзгеріп тұрады, бірақ жалпы алғанда тұрақты. Бүгінде мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуде ешқандай іркіліс жоқ", – деді сауда министрі.
Оның айтуынша, қазір нарықта сүйекті сиыр етінің бір келісі 3 700 теңге тұрады, ал сауда желілерінде баға сәл жоғары.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда қой еті 17%-ға, жылқы еті 4,4%-ға, ал тауық еті 5%-ға қымбаттаған.
Қазақстанда сиыр етіне баға тұрақталады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
Қазақстанда сиыр етіне баға тұрақталады
Жаңалықтар
0