Қазақстанда сиыр етіне баға тұрақталады
Жазылу
Ет бағасын тұрақтандыру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстандық мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер сиыр етін келісін 3275 теңгеден белгіленген бағамен сатуға келісті.
Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және мал өсірушілер одағы сиыр етінің бағасын тұрақтандыру шараларын жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ет бағасын тұрақтандыру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды
Меморандум шеңберінде Қазақстан мал өсірушілер одағы:
ішкі нарықты ет өнімдерімен басымдықпен қамтамасыз ету және тапшылыққа жол бермеу;
ішкі нарыққа ірі қара еті экспортының кемінде 15%-ін бөлшек сауда желілері арқылы жеткізуді ұйымдастыру;
ішкі нарыққа ет жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіру;
ішкі нарыққа қосылған құн салығын есепке алмағанда келісіне 3275 теңгенің бекітілген өндіруші бағасы бойынша сиыр етін жеткізуді қамтамасыз етуге міндеттелді.
"Көрсетілген баға өндірушінің сату бағасы болып табылады және бөлшек саудадағы өнімнің соңғы құнын көрсетпейді", - делінген хабарламада.
Сауда министрлігі бөлшек сауда бағасының қалыптасуына қосымша "тасымалдау, сақтау, тиеу-түсіру операцияларын қоса алғанда, байланысты шығындар, сондай-ақ өндірушіден бөлшек сауда нүктесіне дейінгі жол бойындағы басқа операциялық шығындар" әсер ететінін айтты.
Құжатқа сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде салалық ұсыныстарды қарайтын болады және ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды ұлғайту мүмкіндігіне ие болады.
Сауда, коммерция және интеграция министрлігі өз тарапынан ішкі бағаларды қадағалап, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді, тікелей келісімшарттар жасасуды жеңілдетеді және сауда маржасының рұқсат етілген деңгейінің сақталуын қамтамасыз етпек.
Сауда, коммерция және интеграция министрлігі өз тарапынан ішкі бағаларды қадағалап, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді, тікелей келісімшарттар жасасуды жеңілдетеді және сауда маржасының рұқсат етілген деңгейінің сақталуын қамтамасыз етпек.

