https://sputnik.kz/20260804/astanada-200-ge-zhuyq-oqushy-abaydyn-anin-bir-mezgilde-oryndady-65455872.html
Астанада 200-ге жуық оқушы Абайдың әнін бір мезгілде орындады
Астанада 200-ге жуық оқушы Абайдың әнін бір мезгілде орындады
Sputnik Қазақстан
Іс-шара өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды 04.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-04T19:59+0500
2026-08-04T19:59+0500
2026-08-04T19:59+0500
абай
ән
https://sputnik.kz/img/07ea/08/04/65455963_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_30fb8b9f38cb6c47a2e478e5a4b70456.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астанада Абай Құнанбайұлының күніне орай 200-ге жуық оқушы ақынның әйгілі "Көзімнің қарасы" әнін бір мезгілде орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."Ұлы дала әуені: Абайдың ән мұрасы" музыкалық флешмобы Абай Құнанбайұлының музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін ортақ шығармашылық алаңда біріктіруге бағытталды.Бірлескен өнер көрсету балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ ұлттық мұраға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.Флешмобты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері де қолдады.
https://sputnik.kz/20250811/astanada-3000-rubik-kubiginen-abaydyn-alyp-portreti-zhasaldy-56284260.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/04/65455963_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_aa27dd1c2fbfc0e68910501054db0ae4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай, ән
Астанада 200-ге жуық оқушы Абайдың әнін бір мезгілде орындады
Іс-шара өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астанада Абай Құнанбайұлының күніне орай 200-ге жуық оқушы ақынның әйгілі "Көзімнің қарасы" әнін бір мезгілде орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Ұлы дала әуені: Абайдың ән мұрасы" музыкалық флешмобы Абай Құнанбайұлының музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін ортақ шығармашылық алаңда біріктіруге бағытталды.
"Іс-шара ашық аспан астында өтті. Әннің көпшілікпен бір мезгілде орындалуы ұлттық ән өнерінің байлығы мен құндылығын айшықтаған әсерлі музыкалық көрініске айналды", - деп жазылған хабарламада.
Бірлескен өнер көрсету балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ ұлттық мұраға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.
Флешмобты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері де қолдады.