https://sputnik.kz/20250811/astanada-3000-rubik-kubiginen-abaydyn-alyp-portreti-zhasaldy-56284260.html
Астанада 3000 Рубик кубигінен Абайдың алып портреті жасалды
Астанада 3000 Рубик кубигінен Абайдың алып портреті жасалды
Sputnik Қазақстан
Биіктігі 3 метр, ені 2 метр болатын портретті жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты 11.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-11T08:58+0500
2025-08-11T08:58+0500
2025-08-11T08:58+0500
абай құнанбайұлы
абай
жастар
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0a/56282331_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_8b99e7fa60ece1fad93b6cd88d4d9b1b.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше арт-инсталляция ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Шығармашылық жоба аясында ақынның бейнесі 3000 Рубик кубигінен құрастырылды. Биіктігі 3 метр, ені 2 метр болатын портретті спидкубер жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты.Жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсынның айтуынша, Рубик кубигі логика мен шығармашылықты біріктіретін өнер туындысына айналды."Абай әлемі" атты мәдени бағдарлама екі күн бойы көрерменді поэзиялық кештермен, шығармашылық қойылымдармен қуантты.Мыңдаған келуші жастардың креативтілігіне жоғары баға беріп, ұлттық мұраға құрметті айқын сезінді.Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба – Абай мұрасын жаңаша танытуға арналған тың қадам. Мақсат – жас буынның ұлттық сана мен елдік құндылықтарды терең ұғынуына ықпал ету.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/0a/56282331_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_98dccacd09b98ac7610915815e9c5324.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай құнанбайұлы, абай, жастар
абай құнанбайұлы, абай, жастар
Астанада 3000 Рубик кубигінен Абайдың алып портреті жасалды
Биіктігі 3 метр, ені 2 метр болатын портретті жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше арт-инсталляция ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шығармашылық жоба аясында ақынның бейнесі 3000 Рубик кубигінен құрастырылды. Биіктігі 3 метр, ені 2 метр болатын портретті спидкубер жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты.
Жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсынның айтуынша, Рубик кубигі логика мен шығармашылықты біріктіретін өнер туындысына айналды.
"Осы арқылы ұлттық болмысты заманауи тәсілмен жеткізуді мақсат еттік", – деді ол.
"Абай әлемі" атты мәдени бағдарлама екі күн бойы көрерменді поэзиялық кештермен, шығармашылық қойылымдармен қуантты.
Мыңдаған келуші жастардың креативтілігіне жоғары баға беріп, ұлттық мұраға құрметті айқын сезінді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба – Абай мұрасын жаңаша танытуға арналған тың қадам. Мақсат – жас буынның ұлттық сана мен елдік құндылықтарды терең ұғынуына ықпал ету.