Алматыда 45 мың көрерменге арналған стадион салынып жатыр

© Акимат АлматыСтадион на 45 тысяч зрителей строят в Алматы
Стадион на 45 тысяч зрителей строят в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Жазылу
Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың наурызында аяқтау жоспарланған
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Алматыда УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
Жобаны іске асыруға бөлінген аумақтың жалпы көлемі шамамен 32 гектар болады.
"Құлжа және Талғар тасжолдарының бойында салынып жатқан стадион УЕФА-ның IV санаттағы талабына толық сай болады. Бұл халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Жоба аясында негізгі футбол аренасымен қатар жаттығу алаңдары, спортшылар мен командаларға арналған заманауи инфрақұрылым, жанкүйерлерге арналған аймақ, қауіпсіздік жүйелері және іргелес аумақты кешенді көріктендіру жұмыстары қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың наурызында аяқтау жоспарланған.
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Қызылордада кітап қоры 1 миллионнан асатын кітапхана салынып жатыр
Жаңалықтар
0