сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай сайлауының бюллетені бекітілді

© Sputnik / Абзал КалиевДауыс беру жәшігі
Дауыс беру жәшігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жазылу
Алдыңғы жағында Қазақстанның Елтаңбасы және Құрылтай өтетін күн басылса, келесі жағында жеребе бойынша партиялар орналасады
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлаудың бюллетенін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бюллетень түсі көк болады. Алдыңғы жағында Қазақстанның Елтаңбасы және Құрылтай өтетін күн басылса, келесі жағында жеребе бойынша партиялар орналасады.
© Photo : Орталық сайлау комиссиясыҚұрылтай сайлауының бюллетені
Құрылтай сайлауының бюллетені - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Құрылтай сайлауының бюллетені
1.
"Әділет" партиясы
2.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
3.
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы
4.
Қазақстанның Халық партиясы
5.
"Ауыл" партиясы
6.
"Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы
7.
"Respublica" партиясы
Сондай-ақ сайлау бюллетенінде "Барлығына қарсымын" деген графа да болады.
Алдағы сайлауда 12 605 788 адам дауыс бере алады. Ал басылатын бюллетень саны 12 731 847 дананы құрайды.
Дауыс санау процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауында 12 миллионнан астам адам дауыс бере алады
Жаңалықтар
0