сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай сайлауында 12 миллионнан астам адам дауыс бере алады

© Sputnik / Владислав ВодневДауыс санау процесі
Дауыс санау процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жазылу
Басым бөлігі Астана мен Алматыда, сондай-ақ, Түркістан мен Алматы облыстарында тіркелген
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс бере алатын азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 12 605 788 адам енгізілген. Басым бөлігі Астана мен Алматыда, сондай-ақ, Түркістан мен Алматы облыстарында тіркелген. Әрбір өңірде сайлаушылардың саны бір миллион адамнан асады.
Ал ең аз сайлаушы Ұлытау (138 362 адам) мен Солтүстік Қазақстан (365 161 адам) облыстарында тіркеліп отыр.
Айта кетері, сайлаушылар 7 тамыздан бастап учаскелік комиссияларға барып, тізімде өз атын тексере алады.
Избирательный участок № 58 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауы: дауыс беруші нені білуі керек?
Жаңалықтар
0