Қазақстан Ресейге медиаконтентті бірлесіп өндіруді ұсынды

© SputnikМедиафорум стран СНГ "Развитие медиа в меняющемся мире" - прямой эфир
Медиафорум стран СНГ Развитие медиа в меняющемся мире - прямой эфир - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жазылу
Қазақстан мен Ресей БАҚ-тары ақпаратты тексеретін бірлескен орталық құра алады
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. III Ресей-Қазақстан медиафорумы барысында Қазақстан өкілдері бірлескен медиаконтент өндірісіне көшу туралы ұсыныс жасады.
Қазақстан президенті әкімшілігінің коммуникациялар жөніндегі бөлім басшысы Қанат Құлшымановтың айтуынша, Ресей мен Қазақстан БАҚ-тары даулы ақпараттармен жұмыс істеуге көмектесетін ақпаратты тексеру жөніндегі бірлескен орталық құрып, сондай-ақ медиаконтентті бірлесіп өндіруді қолға ала алады.
Ал Ресей сыртқы істер министрі орынбасары Михаил Галузин өз сөзінде Ресей қазақстандық БАҚ өкілдері Украинадағы қақтығыстың объективті себептерін түсінеді деп үміттенетінін атап өтті.
Оның айтуынша, Киев Ресейге зиян келтіруге ұмтыла отырып, Қазақстанның мүдделеріне де соққы жасап жатыр.
"Бұған Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратын Каспий құбыр желісі консорциумының нысандарына жасалған бірнеше шабуылды мысал ретінде келтіруге болады", – деді ол.
Қазақстан тарапы ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені ресейлік әріптестермен жаңалықтардағы деректерді тексеру, фактчекинг мәдениетін және аудиторияның медиасауаттылығын арттыру бағытында жұмыс істеуге дайын", – деді Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені директоры Раушан Қажыбаева.
III Ресей-Қазақстан медиафорумы Санкт-Петербург қаласында өтті.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2024
Масс-медиа туралы заң президентке жіберілді
Жаңалықтар
0