Масс-медиа туралы заң президентке жіберілді

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Сенат “Масс-медиа туралы” заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңға “Телерадио хабарларын тарату туралы”, “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңдарының нормалары, сондай-ақ бірқатар жаңа нормалар енгізілді. Негізгі өзгерістер:
отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына қойылатын талап қоюдың ескіру мерзімін (бір жыл) белгілеу;
БАҚ-тың сұрау салуларын қарау мерзімдерін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту;
журналистердің әдеп кодексін әзірлеу жөніндегі функцияны бекіте отырып, медиа саланы дамыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық-кәсіптік кеңес құру;
мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайту, 5%-дан кезең-кезеңімен көшу (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%);
отандық теле-, радиоарналардағы қазақстандық авторлардың/орындаушылардың отандық теле-, радиобағдарламалары мен музыкалық шығармаларының санын 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайту (сондай-ақ көрсетілгенге ұқсас кезең-кезеңмен енгізу ұсынылды);
отандық теле -, радиоарналарда шетелдік теле -, радиобағдарламалардың ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту;
уәкілетті органның құзыретіне қоғамның адамгершілік тұрғысынан дамуына зиян келтіру және жалпыадамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтардың бұзылуы тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеужөніндегі функцияларды енгізу;
журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
суицид жасау тәсілдері және суицид жасауға шақыру туралы ақпарат таратуға тыйым салуды белгілеу;
жергілікті атқарушы органдардың дараспутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы бар қоғамдық көлікте мемлекеттік теле -, радиоарналардың өнімін және (немесе) эфирін таратуды қамтамасыз етуі және бақылауы;
Бүгін сенат депутаттары заңды мақұлдады. Заң президенттің қарауына жіберілді.
Жаңалықтар
0