https://sputnik.kz/20260803/mams-ten-aqsha-zhymqyru-saldarynan-memleketke-35-mlrd-tengeden-astam-shygyn-keltirildi-65416863.html
МӘМС-тен ақша жымқыру салдарынан мемлекетке 3,5 млрд теңгеден астам шығын келтірілді
МӘМС-тен ақша жымқыру салдарынан мемлекетке 3,5 млрд теңгеден астам шығын келтірілді
Sputnik Қазақстан
Осы деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр 03.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-03T11:20+0500
2026-08-03T11:20+0500
2026-08-03T11:21+0500
бюджет қаражаты
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/884/80/8848078_0:148:2861:1757_1920x0_80_0_0_0d4bb1194ac797f6a162be3447ea9fae.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Шамамен 140 мың азаматты медициналық ұйымдарға жалған тіркеу және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәлімет енгізу арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемалары анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Осы деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.Мәселен, Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мәліметіне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында бөлінген қаражат іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген әрі тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылған.Мемлекетке келтірілген шығын 501 млн теңгеден асты. Екі күдікті қамауға алынды.Астанада "Forte Clinic" ЖШС жеке клиникасының басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы – Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері азаматтарды тіркеуге қатысты өтінімдерді заңсыз мақұлдағаны үшін 3 жылға сотталды."Қылмыстық схема нәтижесінде клиникаға 15 мыңнан астам азамат заңсыз тіркелген. Сонымен қатар "Damu Med" ақпараттық жүйесі арқылы 79 млн теңгенің жалған медициналық қызметі рәсімделген", - дейді агенттікте.Алматы облысында "Mydental.kz" ЖШС мен "Стоматология Dr. Nurzhanova" ЖШС клиникаларының басшысы стоматологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.Шын мәнінде пациенттерге ешқандай қызмет көрсетілмеген. Ал құжаттарды рәсімдеу үшін дәрігерлердің тіркелгі жазбалары мен кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректері пайдаланылған.Нәтижесінде жалған медициналық қызмет көрсетудің 4,5 мыңнан астам дерегі анықталып, мемлекетке 66 млн теңге шығын келтірілген.
https://sputnik.kz/20260727/eldegi-zheke-klinikalar-mams-ten-zansyz-qarzhy-alu-ushin-140-myn-azamatty-zhalgan-tirkegen-65246667.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/884/80/8848078_161:0:2700:1904_1920x0_80_0_0_fb8cd8fc3aa50c5f42ef1188c8bed69f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет қаражаты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сот үкімі
бюджет қаражаты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сот үкімі
МӘМС-тен ақша жымқыру салдарынан мемлекетке 3,5 млрд теңгеден астам шығын келтірілді
11:20 03.08.2026 (жаңартылды: 11:21 03.08.2026) Осы деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Шамамен 140 мың азаматты медициналық ұйымдарға жалған тіркеу және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәлімет енгізу арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемалары анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Осы деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.
Мәселен, Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мәліметіне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында бөлінген қаражат іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген әрі тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылған.
"Кәсіпкерлер медициналық мекемемен ешқандай шарт жасаспаған. Ал олардың деректемелері ақшаны заңсыз шығарып, кейін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылған", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекетке келтірілген шығын 501 млн теңгеден асты. Екі күдікті қамауға алынды.
Астанада "Forte Clinic" ЖШС жеке клиникасының басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы – Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері азаматтарды тіркеуге қатысты өтінімдерді заңсыз мақұлдағаны үшін 3 жылға сотталды.
"Қылмыстық схема нәтижесінде клиникаға 15 мыңнан астам азамат заңсыз тіркелген. Сонымен қатар "Damu Med" ақпараттық жүйесі арқылы 79 млн теңгенің жалған медициналық қызметі рәсімделген", - дейді агенттікте.
Алматы облысында "Mydental.kz" ЖШС мен "Стоматология Dr. Nurzhanova" ЖШС клиникаларының басшысы стоматологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шын мәнінде пациенттерге ешқандай қызмет көрсетілмеген. Ал құжаттарды рәсімдеу үшін дәрігерлердің тіркелгі жазбалары мен кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректері пайдаланылған.
Нәтижесінде жалған медициналық қызмет көрсетудің 4,5 мыңнан астам дерегі анықталып, мемлекетке 66 млн теңге шығын келтірілген.