https://sputnik.kz/20260727/eldegi-zheke-klinikalar-mams-ten-zansyz-qarzhy-alu-ushin-140-myn-azamatty-zhalgan-tirkegen-65246667.html
Елдегі жеке клиникалар МӘМС-тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген
Елдегі жеке клиникалар МӘМС-тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген
Sputnik Қазақстан
Бұл биылғы бірінші жартыжылдықтағы тексерулердің нәтижесінде қол жеткізілген деректер 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T16:08+0500
2026-07-27T16:08+0500
2026-07-27T16:10+0500
президент
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
емхана
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_24:0:3665:2048_1920x0_80_0_0_5bde89c11bc4eac9eac2fba2ae18ebb2.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 22,6 миллиард теңгенің зардабы өтелгенін жеткізді.Бұдан бөлек, өз есепшоттары арқылы 113 миллиард теңгені өткізген 36 дропперлік топ анықталды.ТМД елдері аумағында алғаш рет дербес деректерді заңсыз иемдену мақсатында ұялы байланыс операторларының жұмысын имитация жасайтын және фишинг SMS-хабарламаларды жаппай тарататын арнайы құрылғыны пайдаланған адамдар ұсталғанын баяндады.Бұдан бөлек, алдын алу жұмыстары аясында заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 9 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. Алаяқтық пиғылымен ашылған 2,3 мың ресурстың және 35 мыңнан аса мүшесі бар 25 чаттың қызметі тоқтатылды.Мемлекет басшысы агенттік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260131/qazaqstandyqtardyn-90-dan-astamy-meditsinalyq-saqtandyru-zhuyesine-qosyldy-60837114.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_479:0:3210:2048_1920x0_80_0_0_44e795c57adff6054c90ac5111186909.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, емхана
президент, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, емхана
Елдегі жеке клиникалар МӘМС-тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген
16:08 27.07.2026 (жаңартылды: 16:10 27.07.2026) Бұл биылғы бірінші жартыжылдықтағы тексерулердің нәтижесінде қол жеткізілген деректер
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 22,6 миллиард теңгенің зардабы өтелгенін жеткізді.
"Сондай-ақ 7 қылмыстық топтың (оның ішінде төртеуі – трансұлттық топ) және 176 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырған 44 желінің қызметіне тосқауыл қойылғанын айтты. Есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түскен кірісті жылыстату үшін пайдаланылған 12 астыртын криптоайырбастау пункті жойылған", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, өз есепшоттары арқылы 113 миллиард теңгені өткізген 36 дропперлік топ анықталды.
ТМД елдері аумағында алғаш рет дербес деректерді заңсыз иемдену мақсатында ұялы байланыс операторларының жұмысын имитация жасайтын және фишинг SMS-хабарламаларды жаппай тарататын арнайы құрылғыны пайдаланған адамдар ұсталғанын баяндады.
"Сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу үшін жеке клиникалардың 140 мың азаматтың жалған тіркеу мәліметтерін көрсеткені белгілі болды", - дейді Ақордада.
Бұдан бөлек, алдын алу жұмыстары аясында заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 9 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. Алаяқтық пиғылымен ашылған 2,3 мың ресурстың және 35 мыңнан аса мүшесі бар 25 чаттың қызметі тоқтатылды.
Мемлекет басшысы агенттік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.