https://sputnik.kz/20260803/bolashaq-oyyndary--2026-astanadagy-turnir-auditoriya-rekordyn-zhanartuga-zhaqyn-65437660.html
"Болашақ ойындары – 2026": Астанадағы турнир аудитория рекордын жаңартуға жақын
"Болашақ ойындары – 2026": Астанадағы турнир аудитория рекордын жаңартуға жақын
Sputnik Қазақстан
Биыл турнирдің медиасеріктестері саны екі есеге артып, 27-ден 54-ке дейін өсті 03.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-03T22:27+0500
2026-08-03T22:27+0500
2026-08-03T22:27+0500
астана
рекорд
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65306346_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_06775cf1c20b63c1a8c3e15cf4c829e0.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Астанада өтіп жатқан халықаралық "Болашақ ойындары – 2026" турнирі көрермен аудиториясы бойынша рекордтық көрсеткішке жақындап келеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Жарыстың алғашқы төрт күнінде турнир трансляциялары 85 миллионнан астам рет қаралған. Ұйымдастырушылардың болжамынша, жарыс аяқталғанға дейін жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін.Турнир контенті Қытай, ТМД елдері, Латын Америкасы, Үндістан және басқа да өңірлердегі цифрлық платформалар мен телеарналар арқылы таратылады. Олардың қатарында HUYA, BIGG TV, Play TV, XP Esports, VK, bilibili, Rutube және Douyu бар.Көрермен санының өсуіне стримингтік платформалар да әсер етуде. Алдыңғы турнирде барлық қаралымның 82%-ы цифрлық сервистерге тиесілі болса, биыл бұл үлес одан әрі артып келеді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең жоғары көрсеткіштер финалдық кезеңде тіркелуі мүмкін. 5 тамызда Dota 2 финалы өтсе, 8–9 тамызда Counter-Strike 2, Mobile Legends: Bang Bang және фиджитал-футбол жарыстарының жеңімпаздары анықталады."Болашақ ойындары – 2026" — дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін халықаралық мультиспорттық турнир. Жарыс Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтіп жатыр.
https://sputnik.kz/20260803/astanada-bolashaq-oyyndaryn-8-mynnan-astam-korermen-tamashalady-65432540.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65306346_144:0:2417:1705_1920x0_80_0_0_e5119795eeade25aa97444f1263d4941.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, рекорд
"Болашақ ойындары – 2026": Астанадағы турнир аудитория рекордын жаңартуға жақын
Биыл турнирдің медиасеріктестері саны екі есеге артып, 27-ден 54-ке дейін өсті
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Астанада өтіп жатқан халықаралық "Болашақ ойындары – 2026" турнирі көрермен аудиториясы бойынша рекордтық көрсеткішке жақындап келеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Жарыстың алғашқы төрт күнінде турнир трансляциялары 85 миллионнан астам рет қаралған. Ұйымдастырушылардың болжамынша, жарыс аяқталғанға дейін жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін.
"Биыл турнирдің медиасеріктестері саны екі есеге артып, 27-ден 54-ке дейін өсті. Ал жарысты көрсететін стримерлер саны 58-ден 120-ға көбейді. Трансляциялар 16-дан астам тілде жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Турнир контенті Қытай, ТМД елдері, Латын Америкасы, Үндістан және басқа да өңірлердегі цифрлық платформалар мен телеарналар арқылы таратылады. Олардың қатарында HUYA, BIGG TV, Play TV, XP Esports, VK, bilibili, Rutube және Douyu бар.
Көрермен санының өсуіне стримингтік платформалар да әсер етуде. Алдыңғы турнирде барлық қаралымның 82%-ы цифрлық сервистерге тиесілі болса, биыл бұл үлес одан әрі артып келеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең жоғары көрсеткіштер финалдық кезеңде тіркелуі мүмкін. 5 тамызда Dota 2 финалы өтсе, 8–9 тамызда Counter-Strike 2, Mobile Legends: Bang Bang және фиджитал-футбол жарыстарының жеңімпаздары анықталады.
"Болашақ ойындары – 2026" — дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін халықаралық мультиспорттық турнир. Жарыс Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтіп жатыр.