https://sputnik.kz/20260803/astanada-bolashaq-oyyndaryn-8-mynnan-astam-korermen-tamashalady-65432540.html
Астанада "Болашақ ойындарын" 8 мыңнан астам көрермен тамашалады
Астанада "Болашақ ойындарын" 8 мыңнан астам көрермен тамашалады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Астанада жаңа буынның ең ірі халықаралық спорттық жарыстарының бірі – Games of the Future 2026 - "Болашақ ойындары" жалғасып жатыр... 03.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-03T16:44+0500
2026-08-03T16:44+0500
2026-08-03T16:44+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65287966_0:68:800:519_1920x0_80_0_0_cb2ef3e9ab9e1d75251590b07d5fc6fd.jpg
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Астанада жаңа буынның ең ірі халықаралық спорттық жарыстарының бірі – Games of the Future 2026 - "Болашақ ойындары" жалғасып жатыр. Турнир ашылған 29 шілдеден бері ауқымды додаға 8 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Сайыстар елорданың бірнеше ірі спорт нысанында өтіп жатыр.Қатысушылар фиджитал футбол, баскетбол, хоккей, жекпе-жек, бокс, би дисциплиналары, шутерлер, Battle Royale, MOBA, дрон жарысы, Battle Bots және өзге де жаңа форматтағы спорт түрлері бойынша бақ сынауда. Турнирдің алғашқы бес күнінде, яғни 29 шілде мен 2 тамыз аралығында 8 мыңнан астам көрермен тамашалады.Көрермендер турнирдің жеке күндеріне немесе бірнеше жарыс күніне арналған билеттерді сатып ала алады."Болашақ ойындарының" ерекшелігі – спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте шеберліктерін көрсетіп, кейін тартысты нақты спорт алаңында жалғастырады. Турнир Астанада 9 тамызға дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20260731/elordada-bolashaq-oyyndarynyn-zhankuyerlerine-tartipbek-broshyura-taratty-65377096.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1d/65287966_0:0:711:533_1920x0_80_0_0_af2f0772f832e723b35c9421cc0e10c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астанада "Болашақ ойындарын" 8 мыңнан астам көрермен тамашалады
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Астанада жаңа буынның ең ірі халықаралық спорттық жарыстарының бірі – Games of the Future 2026 - "Болашақ ойындары" жалғасып жатыр. Турнир ашылған 29 шілдеден бері ауқымды додаға 8 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Сайыстар елорданың бірнеше ірі спорт нысанында өтіп жатыр.
Қатысушылар фиджитал футбол, баскетбол, хоккей, жекпе-жек, бокс, би дисциплиналары, шутерлер, Battle Royale, MOBA, дрон жарысы, Battle Bots және өзге де жаңа форматтағы спорт түрлері бойынша бақ сынауда. Турнирдің алғашқы бес күнінде, яғни 29 шілде мен 2 тамыз аралығында 8 мыңнан астам көрермен тамашалады.
"Games of the Future 2026 турнирінің Қазақстанда өтуі – осы жылдың ең маңызды халықаралық спорттық оқиғаларының бірі. Бұл дода елорданың спорттық инфрақұрылымын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарды қабылдайтын ел ретіндегі беделін нығайтуға ықпал етеді", - дейді әкімдік.
Көрермендер турнирдің жеке күндеріне немесе бірнеше жарыс күніне арналған билеттерді сатып ала алады.
"Болашақ ойындарының" ерекшелігі – спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте шеберліктерін көрсетіп, кейін тартысты нақты спорт алаңында жалғастырады. Турнир Астанада 9 тамызға дейін жалғасады.