Атырауда 3 жасар қыз анасының мәйіті жанында бір жарым тәулік жалғыз болған

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Жазылу
Араға төрт күн салып күдікті ұсталды
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Атырауда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
22 шілдеде болған қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмыс 3 жасар қыздың көз алдында болған. Бүлдіршін анасының мәйітінің жанында 1,5 тәулік жалғыз болған. Араға төрт күн салып күдікті ұсталды.
"Тұрмыстық жанжал кезінде әйелді өлтірді деген күдікпен онымен бірген тұрған 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Атырау облысының полиция департаменті.
Тергеу жүріп жатыр.
Қызының көзінше 11 жерден пышақ салған: Атырауда әйелін өлтірген ер адам сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Қызының көзінше 11 жерден пышақ салған: Атырауда әйелін өлтірген ер адам сотталды
Жаңалықтар
0