Қызының көзінше 11 жерден пышақ салған: Атырауда әйелін өлтірген ер адам сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoҚызының көзінше 11 жерден пышақ салған: Атырауда әйелін өлтірген ер адам сотталды
Қызының көзінше 11 жерден пышақ салған: Атырауда әйелін өлтірген ер адам сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Марқұм бастауыш сыныптың мұғалімі болған
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Атырауда жұбайын қызының көзінше өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып – "Адам өлтіру".
Қайғылы оқиға биыл болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, 11 жерден пышақ салған. Жантүршігерлік жағдай олардың 12 жасар қызының көзінше болған. Әйел сол жерде қайтыс болды.
"Прокурор сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап ер адамды кешірмеді. Сотталушы бұл әрекетке қызғаныштан барғанын, сотта шын өкінетінін айтты", - деп жазды сот.
Сот үкімімен әйелін өлтірген сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, марқұм әйел бастауыш сынып мұғалімі болған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Павлодар облысында дүние үшін әйелін өлтірген ер адам сотталды
Жаңалықтар
0