https://sputnik.kz/20260330/pavlodar-oblysynda-dunie-ushin-ayelin-oltirgen-er-adam-sottaldy-62279738.html
Павлодар облысында дүние үшін әйелін өлтірген ер адам сотталды
Павлодар облысында дүние үшін әйелін өлтірген ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол әйелін суға тұншықтырып, оны жазатайым оқиға ретінде көрсеткен 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T21:38+0500
2026-03-30T21:38+0500
2026-03-30T21:38+0500
ерлі-зайыпты
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/1264/45/12644587_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2296281b4a1f2520bb71882554aab516.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында пайдакүнемдік ниетпен әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық соттың мәліметінше, қылмысқа құны 125 миллион теңгеден асатын кәсіпорын себеп болған, ерлі-зайыпты мүлікке байланысты ұзақ уақыт бойы жанжалдасып келген.2024 жылдың тамыз айының ортасында сотталушы пайдакүнемдік ниетпен, әйелінің атына тіркелген ЖШС-ті мұрагерлік жолмен иеленіп, қаржылай пайда табу мақсатында әйелін өлтіріп, оны жазатайым оқиға ретінде көрсетуді жоспарлаған.Ол әйелін өзенге ертіп барып, қайықтың шетінде отырған сәтте оны кенеттен тербеткен. Соның салдарынан әйел тепе-теңдігін жоғалтып, суға құлаған. Осыдан кейін ер адам оның шашынан тартып, су астында ұстап тұрған.Сотталушы өз кінәсін мойындамады, қорғаушыларымен бірге ақтау үкімін сұрады.Сот жазаны ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріп, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1264/45/12644587_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6a7cbb3b1a93d33554fec3497363d2be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлі-зайыпты, павлодар облысы
ерлі-зайыпты, павлодар облысы
Павлодар облысында дүние үшін әйелін өлтірген ер адам сотталды
Ол әйелін суға тұншықтырып, оны жазатайым оқиға ретінде көрсеткен
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында пайдакүнемдік ниетпен әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық соттың мәліметінше, қылмысқа құны 125 миллион теңгеден асатын кәсіпорын себеп болған, ерлі-зайыпты мүлікке байланысты ұзақ уақыт бойы жанжалдасып келген.
"Әйел некені бұзу туралы шешім қабылдаған. Ер адам ЖШС жұбайының меншігінде болғандықтан, неке бұзылған жағдайда мүлік бөлінбейтінін біліп, бұл өзінің материалдық жағдайына қауіп төндіреді деп есептеген", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылдың тамыз айының ортасында сотталушы пайдакүнемдік ниетпен, әйелінің атына тіркелген ЖШС-ті мұрагерлік жолмен иеленіп, қаржылай пайда табу мақсатында әйелін өлтіріп, оны жазатайым оқиға ретінде көрсетуді жоспарлаған.
Ол әйелін өзенге ертіп барып, қайықтың шетінде отырған сәтте оны кенеттен тербеткен. Соның салдарынан әйел тепе-теңдігін жоғалтып, суға құлаған. Осыдан кейін ер адам оның шашынан тартып, су астында ұстап тұрған.
"Әйел тыныс алу жолдарының суға толуынан оқиға орнында көз жұмған", – делінген сот хабарламасында.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады, қорғаушыларымен бірге ақтау үкімін сұрады.
Сот жазаны ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріп, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.