Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Батысты Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізуге үндеді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПрезидент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел
Президент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Жазылу
Оның айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қоймаларда жатып қалмауы керек
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Батыс елдерін Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізіп беруге үндеді.
"Әлемде Patriot жүйелеріне арналған зымырандар бар. Маңыздысы – серіктестердің қажетті көмек пакеттерін беру туралы саяси шешім қабылдауы. АҚШ бізге не қажет екенін біледі. Еуропа да жақсы біледі", – деп жазды ол Telegram каналында.
Оның айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері "қоймаларда жатып қалмауы керек".
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киевке оқ-дәрілер тиелген кез келген жөнелтім Мәскеу үшін заңды нысана болатынын мәлімдеген.
Флаги Украины и Европейского Союза - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Еуроодақтан 10 млрд еуро көмек алу үшін 25 реформаны жүзеге асыруға тиіс
Жаңалықтар
0