https://sputnik.kz/20260729/ukraina-euroodaqtan-10-mlrd-euro-komek-alu-ushin-25-reformany-zhuzege-asyruga-tiis-65279400.html
Украина Еуроодақтан 10 млрд еуро көмек алу үшін 25 реформаны жүзеге асыруға тиіс
Украина Еуроодақтан 10 млрд еуро көмек алу үшін 25 реформаны жүзеге асыруға тиіс
Sputnik Қазақстан
Киевке арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі кредит екі бөліктен тұрады 29.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-29T08:49+0500
2026-07-29T08:49+0500
2026-07-29T08:49+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64257793_0:124:3203:1925_1920x0_80_0_0_f08d4da6e8e39c5fd31d59d4da5720fe.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Жыл соңына дейін Еуропалық одақтан 10 миллиард еуродан астам қаржылай көмек алу үшін Украина 25 реформаны жүзеге асыруға тиіс. Бұл туралы "Украинская правда" басылымы ЕО-дағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.Басылымның нақтылауынша, әңгіме бұған дейін мақұлданған реформалар жоспары туралы болып отыр. Атап айтқанда, Украина жеті реформаны, соның ішінде жоғары деңгейдегі прокурорларды ашық әрі әділ іріктеу туралы заңдарды және шағын және орта бизнес үшін төлем қабілетсіздігі рәсімдерін жеңілдету жөніндегі заңдарды қабылдаса, 2,86 миллиард еуро ала алады.Бұған дейін келісілген Киевке арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі кредит екі бөліктен тұрады: оның 30 миллиард еуросы Украина бюджетінің қажеттіліктерін қолдауға арналған макроқаржылық көмек ретінде бөлінген, ал тағы 60 миллиард еуро әскери шығындар мен қорғаныс өнеркәсібін дамытуға жеке қарастырылған.Маусым айында Еуропалық Одақ Кеңесі Украинаға бюджетке қолдау көрсету мақсатында 3,2 миллиард еуро көлеміндегі алғашқы транштың аударылғанын хабарлаған болатын.Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, жақын арада 6 миллиард еуролық пакет аясында Украинада ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) өндіруге арналған төлемдерді аудару басталады.
https://sputnik.kz/20260701/ukraina-euroodaqtan-66-mlrd-euro-askeri-komek-surady-64591435.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64257793_236:0:2965:2047_1920x0_80_0_0_9aad9ca6770f6b3a2230ef75122c20d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина Еуроодақтан 10 млрд еуро көмек алу үшін 25 реформаны жүзеге асыруға тиіс
Киевке арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі кредит екі бөліктен тұрады
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Жыл соңына дейін Еуропалық одақтан 10 миллиард еуродан астам қаржылай көмек алу үшін Украина 25 реформаны жүзеге асыруға тиіс. Бұл туралы "Украинская правда" басылымы ЕО-дағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
"Украина билігі ЕО-ның 90 миллиард еуро көлеміндегі кредиті мен Ukraine Facility бағдарламасы аясында Украина бюджетін қолдауға арналған 10 миллиард еуродан астам қаржыны алу үшін 25 реформалық қадамды орындауы қажет", – делінген басылымның сайтында жарияланған хабарламада.
Басылымның нақтылауынша, әңгіме бұған дейін мақұлданған реформалар жоспары туралы болып отыр. Атап айтқанда, Украина жеті реформаны, соның ішінде жоғары деңгейдегі прокурорларды ашық әрі әділ іріктеу туралы заңдарды және шағын және орта бизнес үшін төлем қабілетсіздігі рәсімдерін жеңілдету жөніндегі заңдарды қабылдаса, 2,86 миллиард еуро ала алады.
"Сондай-ақ 2026 жылы Украина 18 реформалық қадамды орындаған жағдайда 7,5 миллиард еуро көлеміндегі ірі траншты алуы мүмкін. Бұл реформаларға мемлекеттік кәсіпорындардың тәуелсіз байқау кеңестерін тағайындау, сот шешімдерін орындауға арналған жаңартылған IT жүйесін енгізу, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау салаларына ауқымды инвестициялар салу кіреді", – деп толықтырды басылым.
Бұған дейін келісілген Киевке арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі кредит екі бөліктен тұрады: оның 30 миллиард еуросы Украина бюджетінің қажеттіліктерін қолдауға арналған макроқаржылық көмек ретінде бөлінген, ал тағы 60 миллиард еуро әскери шығындар мен қорғаныс өнеркәсібін дамытуға жеке қарастырылған.
Маусым айында Еуропалық Одақ Кеңесі Украинаға бюджетке қолдау көрсету мақсатында 3,2 миллиард еуро көлеміндегі алғашқы транштың аударылғанын хабарлаған болатын.
Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, жақын арада 6 миллиард еуролық пакет аясында Украинада ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) өндіруге арналған төлемдерді аудару басталады.