Тұзды шамадан тыс тұтынудың ағзаға қандай зияны бар?

© Photo : СС0 / Anna Sulencka Соль
Соль - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Жазылу
Шұжық, ірімшік, түрлі тұздықтар мен өңделген тағамдарда тұз мөлшері жоғары болуы мүмкін
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары тұз адам ағзасына қажетті заттардың бірі екенін, алайда оны шамадан тыс тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін еске салды.
"Тұз – адам тағамында ежелден қолданылып келе жатқан өнімдердің бірі. Онсыз біздің денеміздегі бірде-бір жасуша қызмет ете алмайды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Тұздың пайдасы қандай?

тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді және қан қысымын қалыпты ұстайды,
жүйке импульстерінің берілуіне және бұлшықеттердің жиырылуына қатысады,
тұз құрамындағы натрий жүрек пен мидың жұмысына қажет,
йодталған тұз қалқанша безінің ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Артық тұз қандай зиян келтіреді?

қан қысымын жоғарылатады,
ісінуді тудырып, бүйрек пен жүрекке күш түсіруі мүмкін,
инсульт, инфаркт және остеопороз қаупін арттырады.
Көп жағдайда адамдар күнделікті тұтынатын тұз мөлшерін байқамай арттырып алады. Шұжық, ірімшік, түрлі тұздықтар мен өңделген тағамдарда тұз мөлшері жоғары болуы мүмкін.

Күніне қанша тұз тұтынуға болады?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулігіне 5 грамнан артық тұз қолданбауды ұсынады. Бұл шамамен бір шай қасық тұзға тең.
Мамандар тағам дайындау кезінде тұзды азайтып, оның орнына түрлі дәмдеуіштер мен табиғи қоспаларды пайдалануға кеңес береді. Сондай-ақ дүкеннен алынатын өнімдердің құрамын оқып, ондағы тұз мөлшеріне назар аудару керек. Созылмалы аурулары бар адамдар үшін тұз тұтынуды бақылау ерекше маңызды.
Тұз - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2022
Денсаулық
Тұзды немен алмастыруға болады
Жаңалықтар
0