TikTok-та бейәдеп сөйлеген талдықорғандық әйел айыппұл арқалады

© SputnikTikTok
TikTok - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Жазылу
Ол бұған дейін де дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Талдықорғанда қоғамдық әдепті бұзған TikTok қолданушысы жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан азамат анықталды. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны.
"Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған", - дейді полициядағылар.
Сот қаулысымен әйелге әкімшілік айыппұл салынды.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Балағат сөз айтып, қауіпті пранк ұйымдастырған: 9 стример жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0