Семейде адам сүйектері табылды

© Photo : "Ак жайык"Останки сарматского воина
Останки сарматского воина - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 тамыз – Sputnik. Семейде жаңадан салынып жатқан құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұрынғы "Пищевик" стадионының аумағынан адам сүйектері табылды. Қазір ол жерда жаңа спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сүйектер адамдыкі болуы мүмкін деген болжам айтылуда.
"Мүмкін, бұрын ескі зират болған шығар, бірақ адам сүйектері барлық жерде шашылып жатыр. Қайда жүгінуге болады?", - деп сұрайды жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде.
Оқиғаға қатысы полиция түсініктеме берді.
"9 шілдеде Семей қаласындағы бұрынғы "Пищевик" стадионының аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектерінің қалдықтары табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Табылған сүйек қалдықтары олардың шығу тегін және жерленген уақытын анықтау мақсатында сараптамаға жіберілді", - дейді Абай облысының полиция департаментіндегілер.
Полиция мұндай жағдайларда азаматтарға дереу ішкі істер органдарына хабарласып, полиция қызметкерлері келгенге дейін өз бетінше ешқандай әрекет жасамауды ескертті.
Сарайшық - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2024
"Сарайшық үшін жаңалық емес": Атырау облысында адам сүйектері табылды
Жаңалықтар
0