Ресеймен шекарадағы "Сырым" өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

© Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаМодернизация пункта пропуска "Сырым" в Западно-Казахстанской области
Модернизация пункта пропуска Сырым в Западно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Жазылу
Көлік министрлігі "Сырым" өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарына бақылауды күшейтті
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Көлік министрлігінің басшылығы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан–Ресей шекарасындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарының қарқынын тексерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаМодернизация пункта пропуска "Сырым" в Западно-Казахстанской области
Модернизация пункта пропуска Сырым в Западно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Модернизация пункта пропуска "Сырым" в Западно-Казахстанской области
Бұл – екі ел арасындағы ең ірі жүк өткізу бекеттерінің бірі әрі халықаралық автомобиль дәлізінің маңызды буыны.
"Тексеру қорытындысы бойынша мердігер ұйымға және жауапты қызметтерге қажетті техника, жұмыс күші мен құрылыс материалдарының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету тапсырылды. Нақты міндет қойылды – сапа мен қауіпсіздік талаптарын төмендетпей, өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау. Жұмыстардың орындалу барысы, бекітілген кестенің сақталуы және аралық кезеңдердің орындалуы Көлік министрлігінің ерекше бақылауына алынды", - делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар, шекараға кіреберіс жолдардағы жүк көліктерінің қозғалысын ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
© Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаМодернизация пункта пропуска "Сырым" в Западно-Казахстанской области
Модернизация пункта пропуска Сырым в Западно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Модернизация пункта пропуска "Сырым" в Западно-Казахстанской области
"Жүк көліктерінің шоғырлануын болдырмау және шекарадан өту уақытын қысқарту мақсатында өткізу пунктін, кірме жол инфрақұрылымын және күту аймағын салу жұмыстарын өзара үйлестіру міндеті қойылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың түпкі нәтижесі ретінде шекараның өткізу қабілетін арттыру, күту уақытын қысқарту және тасымалдаушылар мен азаматтар үшін заманауи инфрақұрылым қалыптастыру көзделген", - дейді министрліктегілер.
© Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаМодернизация пункта пропуска "Сырым" в Западно-Казахстанской области
Модернизация пункта пропуска Сырым в Западно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Модернизация пункта пропуска "Сырым" в Западно-Казахстанской области
Жалпы Қазақстанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен шекарада орналасқан 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған.
Шекарада электрондық кезек жүйесі тағы қай жерде іске қосылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Шекарада электрондық кезек жүйесі тағы қай жерде іске қосылады
Жаңалықтар
0