Шекарада электрондық кезек жүйесі тағы қай жерде іске қосылады

© Photo : ФГКУ РосгранстройШекарада электрондық кезек жүйесі тағы қай жерде іске қосылады
Шекарада электрондық кезек жүйесі тағы қай жерде іске қосылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Жазылу
Бүгінде Қазақстан шекарасындағы 34 өткізу пунктінде электрондық кезек бар
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті биыл электрондық кезек жүйесі іске қосылатын өткізу пунктерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде электрондық кезек Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінде жұмыс істейді.
Соның арқасында жүк тасымалдаушылар уақытын алдын ала жоспарлап, кептеліске тап болмайды.
"Тасымалдаушылар өткізу пунктіне келгенге дейін ықтимал айыппұлдар, берешектер және рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу қажеттілігі туралы мәліметтер алады, бұл шекарадағы бос тұрып қалу уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді", - дейді салықшылар.
Бүгінде Қазақстан шекарасындағы 34 өткізу пунктінде электрондық кезек бар. Алдағы уақытта жүйе тағы екі жерде іске қосылады. Олар:
Алматы облысындағы "Кеген" өткізу пунктінде (2026 жылғы 30 қаңтарда);
Жамбыл облысындағы "Қордай" өткізу пункті (2026 жылғы 16 ақпанда).
Айта кетері, электрондық кезекті брондау үшін "CarGoRuqsat" мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында өткізу пунктін, өту күнін мен уақытын, сондай-ақ жүргізуші мен көлік құралы туралы мәліметтерді енгізу керек
Ситуация на пункте пропуска Ак-Тилек на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Атырау облысындағы Ресей мен Қазақстан шекарасында кептеліс туындады
Жаңалықтар
0