Атырау облысындағы Ресей мен Қазақстан шекарасында кептеліс туындады

© © Фото / пресс-служба правительства/ Алишер АлиевСитуация на пункте пропуска "Ак-Тилек" на кыргызско-казахской границе
Ситуация на пункте пропуска Ак-Тилек на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 қазан - Sputnik. Атырау облысындағы Ресей мен Қазақстан шекарасында кептеліс пайда болды.
Осы жағдайға қатысты мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.
4 қарашада Атырау облысының "Құрманғазы" өткізу пунктінде Ресей Федерациясына баратын 280-ге жуық жүк көлігі шекарадан өте алмаған.
"Кептеліске себеп - "Атырау-Астрахань" тас жолында жөндеу жұмыстары, бұл көлік құралдарының санының күрт өсуіне әкелді", - дейді ведомстводағылар.
Бұл пункттің өткізу қабілеті тәулігіне 200 көлік құралы, алайда тәулігіне 250-300 көлік келеді.
Мәселені жедел шешу үшін кеденге қосымша 14 қызметкер жұмысқа алынған.
Көліктерді өткізу өткен жылдан бастап ЕАЭО елдерімен 30 өткізу пунктінде, оның ішінде "Құрманғазы" пунктінде жоспарлы түрде іске қосылатын "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол биыл 9 қыркүйектен бастап қолданылады.
Қазіргі уақытта электронды кезекке байланысты проблемалар жоқ, барлық жүргізушілерде өту талондары бар, дейді комитет.
Қауын - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024
Ресей зиянкестердің кесірінен Қазақстаннан қауын әкелуді тоқтатады
Жаңалықтар
0