https://sputnik.kz/20260801/65-zhastan-asqan-zhurgizushiler-meditsinalyq-tekseruden-otuge-mindetti-neni-bilu-kerek-65386097.html
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексеруден өтуге міндетті: нені білу керек
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексеруден өтуге міндетті: нені білу керек
Sputnik Қазақстан
25 тамыздан бастап 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуге міндетті 01.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-01T12:53+0500
2026-08-01T12:53+0500
2026-08-01T12:53+0500
жол жүру ережесі
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/225/99/2259962_0:135:1921:1215_1920x0_80_0_0_2db687171ee2f8c493fffde28274fffc.jpg
АЛМАТЫ, 1 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 65 жастан асқан жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша, 65 жасқа толған адам бірден медициналық тексеруден өтудің қажеті жоқ."Медииналық тексеруден 67 жасқа дейін өтуге болады. Одан кейін берілетін медициналық анықтама екі жылға дейін жарамды. Келесі медициналық анықтаманы 69 жасыңызда, 71 жасыңызда, яғни осы тәртіппен жалғаса береді", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.Әлекешевтің сөзінше, емханаларға жаппай барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Медициналық тексеруден кез-келген медициналық мекемеден: мемлекеттік немесе жекеменшік емханалардан өте беруге болады. Тіпті, тұрғылықты жері бойынша, болмаса басқа қаладан да өте алады. Ең бастысы медициналық ұйымның мұндай тексеруді жүргізуге рұқсаты мен мүмкіндігі болуы керек.Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі медициналық тексеруен уақытылы өтпеген жағдайда не болатынын да айтты."Мұндай жағдайда жүргізуші куәлігінің күші уақытша тоқтатылады. Бірақ бұл жүргізуші куәлігінен айыру деген сөз емес. Медициналық тексеруден өткен соң жүргізуші куәлігінің күші автоматты түрде қайта күшіне енеді. Потрульді полиция қызметкерлері жүргізушілерге ең алдымен, талаптарды түсіндіріп, ауызша ескерту жасайды. Егер адамдар бұл талапты білмей немесе ұмытып кеткен болса, оған ең алдымен медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік беріледі", - дейді Шыңғыс Әлекешев.Ол медициналық тексеруден өтпегені үшін айыппұл салынбайтынын да ескертті."Медициналық тексеруден өтпегені үшін заңда айыппұл көзделмеген. Жалғыз ғана салдары тексеруден өткенге дейін жүргізуші куәлігінің күші уақытша тоқтатылады", - дейді министрлік өкілі.Шыңғыс Әлекешев жүргізушілерге егер медициналық тексеруден өтіп, бірақ ақпарат базада көрінбесе, алаңдамауды ескертті."Кейде ондай жағдай да болуы мүмкін. Ақпарат базаға бірден түспей қалса, оған алаңдаудың қажеті жоқ. Полиция қызметкеріне медициналық тексеруден өткені туралы қағаз түріндегі анықтаманы көрсету жеткілікті. Одан кейін полиция қызметкері ақпараттың базаға енгізілуін өзі қамтамасыз етеді", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.Министрлік жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
https://sputnik.kz/20260722/kolikti-basqaru-quqygy-toqtatylady-zhol-erezhesine-engizilgen-ozgerister-kushine-enedi-65092641.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/225/99/2259962_0:0:1713:1285_1920x0_80_0_0_f88bdfc86394dc821cd17ccef031b88f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі, ішкі істер министрлігі
жол жүру ережесі, ішкі істер министрлігі
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексеруден өтуге міндетті: нені білу керек
25 тамыздан бастап 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуге міндетті
АЛМАТЫ, 1 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 65 жастан асқан жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"65 жастан асқан жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өтуі 2014 жылдан бастап қолданыста. 25 тамыздан бастап тек бір ғана өзгеріс күшіне енеді, егер жүргізуші медициналық тексеруден уақытылы өтпесе, жүргізуші куәлігінің күші автоматты түрде және уақытша тоқтатылады", - дейді Шыңғыс Әлекешев.
Оның айтуынша, 65 жасқа толған адам бірден медициналық тексеруден өтудің қажеті жоқ.
"Медииналық тексеруден 67 жасқа дейін өтуге болады. Одан кейін берілетін медициналық анықтама екі жылға дейін жарамды. Келесі медициналық анықтаманы 69 жасыңызда, 71 жасыңызда, яғни осы тәртіппен жалғаса береді", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.
Әлекешевтің сөзінше, емханаларға жаппай барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Медициналық тексеруден кез-келген медициналық мекемеден: мемлекеттік немесе жекеменшік емханалардан өте беруге болады. Тіпті, тұрғылықты жері бойынша, болмаса басқа қаладан да өте алады. Ең бастысы медициналық ұйымның мұндай тексеруді жүргізуге рұқсаты мен мүмкіндігі болуы керек.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі медициналық тексеруен уақытылы өтпеген жағдайда не болатынын да айтты.
"Мұндай жағдайда жүргізуші куәлігінің күші уақытша тоқтатылады. Бірақ бұл жүргізуші куәлігінен айыру деген сөз емес. Медициналық тексеруден өткен соң жүргізуші куәлігінің күші автоматты түрде қайта күшіне енеді. Потрульді полиция қызметкерлері жүргізушілерге ең алдымен, талаптарды түсіндіріп, ауызша ескерту жасайды. Егер адамдар бұл талапты білмей немесе ұмытып кеткен болса, оған ең алдымен медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік беріледі", - дейді Шыңғыс Әлекешев.
Ол медициналық тексеруден өтпегені үшін айыппұл салынбайтынын да ескертті.
"Медициналық тексеруден өтпегені үшін заңда айыппұл көзделмеген. Жалғыз ғана салдары тексеруден өткенге дейін жүргізуші куәлігінің күші уақытша тоқтатылады", - дейді министрлік өкілі.
Шыңғыс Әлекешев жүргізушілерге егер медициналық тексеруден өтіп, бірақ ақпарат базада көрінбесе, алаңдамауды ескертті.
"Кейде ондай жағдай да болуы мүмкін. Ақпарат базаға бірден түспей қалса, оған алаңдаудың қажеті жоқ. Полиция қызметкеріне медициналық тексеруден өткені туралы қағаз түріндегі анықтаманы көрсету жеткілікті. Одан кейін полиция қызметкері ақпараттың базаға енгізілуін өзі қамтамасыз етеді", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Министрлік жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.