https://sputnik.kz/20260722/kolikti-basqaru-quqygy-toqtatylady-zhol-erezhesine-engizilgen-ozgerister-kushine-enedi-65092641.html
"Көлікті басқару құқығы тоқтатылады": жол ережесіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді
"Көлікті басқару құқығы тоқтатылады": жол ережесіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді
Sputnik Қазақстан
Жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтиханға жіберіледі 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T10:51+0500
2026-07-22T10:51+0500
2026-07-22T10:51+0500
жол жүру ережесі
жүргізуші
заң
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_0:201:2926:1847_1920x0_80_0_0_9f5fee1507b9b50e50d59d290a42200c.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жол ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Заңнамалық түзетулер 25 тамыздан бастап күшіне енеді.Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер ішкі істер министрлігіне автоматты түрде түседі. Ал тексерістен өткені туралы ақпарат түспесе, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қойылып отыр.Тағы бір өзгеріс жол жүрісі қағидаларын білу деңгейін қайта тексеруге қатысты. Оған сәйкес, жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтиханға жіберіледі. Негізгі себептер:"Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады", - дейді мамандар.Сонымен қатар алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұдан былай қылмыстық іс жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты тоқтатылғанның өзінде құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі бомаса, оны сегіз жыл бойы алу мүмкін болмайды.
https://sputnik.kz/20260414/endi-elde-zhurgizushi-kualigin-aluga-arnalgan-emtikhan-sany-shektelmeydi-62639872.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_99:0:2828:2047_1920x0_80_0_0_c7a936ce609623c96ea632d56ac404fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі, жүргізуші, заң
жол жүру ережесі, жүргізуші, заң
"Көлікті басқару құқығы тоқтатылады": жол ережесіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді
Жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтиханға жіберіледі
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жол ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Заңнамалық түзетулер 25 тамыздан бастап күшіне енеді.
"Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз", - дейді министрлік мамандары.
Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер ішкі істер министрлігіне автоматты түрде түседі. Ал тексерістен өткені туралы ақпарат түспесе, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қойылып отыр.
Тағы бір өзгеріс жол жүрісі қағидаларын білу деңгейін қайта тексеруге қатысты. Оған сәйкес, жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтиханға жіберіледі. Негізгі себептер:
· жол қиылысынан өту кезінде апаттық жағдай туғызу;
· белгіленген жылдамдықты бірнеше рет асыру;
· жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу.
"Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады", - дейді мамандар.
Сонымен қатар алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұдан былай қылмыстық іс жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты тоқтатылғанның өзінде құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі бомаса, оны сегіз жыл бойы алу мүмкін болмайды.