https://sputnik.kz/20260731/zhuk-poyyzy-tort-adamdy-basyp-ketti-temirzholdyn-ush-qyzmetkeri-sottaldy-65360654.html
Жүк пойызы төрт адамды басып кетті: теміржолдың үш қызметкері сотталды
Жүк пойызы төрт адамды басып кетті: теміржолдың үш қызметкері сотталды
Sputnik Қазақстан
Пойыз машинисіне теміржол бойында адамдардың жүргені туралы уақытылы ескертілмеген 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T12:00+0500
2026-07-31T12:00+0500
2026-07-31T12:00+0500
теміржол
қайғылы оқиға
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/old/1284/78/12847860_0:413:4608:3005_1920x0_80_0_0_c0d33075335634e1340939c716144147.jpg
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында төрт теміржолшының өліміне кінәлі қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Бас прокуратура.Қайғылы оқиға 2025 жылдың 10 желтоқсанында "Шешенқара – Қаражыңғыл" аралығында болған. Теміржолды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада мүшелерін жүк пойызы қағып кеткен.Салдарынан төрт қызметкер қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.Сот үкімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкеріне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.Сонымен қатар, үшеуіне де теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.
https://sputnik.kz/20250806/qyzmetkerlerin-balagattagan-temirzholshy-kelensiz-zhagdayga-ne-sebep-bolganyn-aytty-56212425.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1284/78/12847860_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_22260508401e1c7ab639cbf10ca6685c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, қайғылы оқиға, сот үкімі
теміржол, қайғылы оқиға, сот үкімі
Жүк пойызы төрт адамды басып кетті: теміржолдың үш қызметкері сотталды
Пойыз машинисіне теміржол бойында адамдардың жүргені туралы уақытылы ескертілмеген
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында төрт теміржолшының өліміне кінәлі қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 10 желтоқсанында "Шешенқара – Қаражыңғыл" аралығында болған. Теміржолды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада мүшелерін жүк пойызы қағып кеткен.
"Жұмыстар жол аралығын жаппай және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтамай жүргізілген. Пойыз машинисіне теміржол бойында адамдардың жүргені туралы уақытылы ескертілмеген", – деп хабарлады прокуратура.
Салдарынан төрт қызметкер қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.
Сот үкімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкеріне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.
Сонымен қатар, үшеуіне де теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.