Қызметкерлерін балағаттаған теміржолшы келеңсіз жағдайға не себеп болғанын айтты

© Photo : ҚТЖ видеосынан скриншот"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов
ҚТЖ-Жүк тасымалы ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Жазылу
Асан Үмбетовке басшылар ескерту жасаған
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов қарамағындағы қызметкерлерімен онлайн кездесуде не себепті дөрекі сөйлеп, балағат сөздер айтқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, бұл жағдайға қозғалыс қауіпсіздігінің өрескел бұзылуы себеп болған.
"Видеоны бәрі көрді. Өзім де көрдім. Қозғалыс қауіпсіздігі үшін жиналыс өткізген едік. Әріптестерімнің кемшілігін түзеу үшін қатты айтқым келді. Видеоны көргеннен кейін қателігімді түсіндім. Осы жағдайдан сабақ алдым. Басшылар маған ескерту жасады. Болашақта әріптестерімізбен дұрыс қарым-қатынас орнатамыз", - деді ол.
Еске сала кетейік, теміржолшылардың онлайн жиналысында басшылардың бірі қол астындағыларға дөрекі сөздер айтқаны жайлы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Біреулер сынаса, кейбірі қолдау көрсетті.
Әлеуметтік желідегі көптеген қолданушы бастықтың жағына шығып, оның маңызды қауіпсіздік мәселелерін көтергенін атап өтті. Сонымен қатар 1 тамызда Астанада өткен іс-шарада әріптестері оған қол шапалақтап қолдау білдірді, оның видеосы да интернетті шарлап кетті.
Жаңалықтар
0