Тәжікстан президенті Орталық Азияда ірі мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды

Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
Әлемдік және жергілікті нарықтардағы қазіргі жағдайды ескерсек, зауытты салудың маңыздылығы зор
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азияда ірі мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тәжікстан басшысы осы бастамасын Чолпон-Атадағы Орталық Азия мен Әзербайжан елдері басшыларының бейресми кездесуінде жариялады. Оның айтуынша, әлемдік және жергілікті нарықтардағы қазіргі жағдайды ескерсек, зауытты салудың маңыздылығы зор.
"Осы аса маңызды мәселені ойластырайықшы. Салалық ведомстволарға ірі мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін пысықтау жұмысын тапсыруды ұсынамын", - деді Рахмон.
Тәжікстан президент бұл зауыттың құрылысында заманауи технологияларды қолдану қажеттігін де ерекше айтты. Ал өнімін таратқанда әрбір елдің ішкі сұранысын ескеру керек.
Айта кетері, кездесуге Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Қазақстан президенті Орталық Азияның рөлі сенімді түрде артып, әлемдік аренадағы аймақтың үні айқын әрі салмақтырақ шыға бастады деді.
Заседание неформальной Консультативной встречи глав государств Центральной Азии и Азербайджана - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Шолпан-Атада Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуі басталды
Жаңалықтар
0