https://sputnik.kz/20260731/zhaandyq-uderisterde-ortalyq-aziyanyn-roli-artty--toqaev-65367871.html
Жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі артты – Тоқаев
Жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі артты – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі сенімді түрде артып, әлемдік аренадағы аймақтың... 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T14:39+0500
2026-07-31T14:39+0500
2026-07-31T14:39+0500
орталық азия
қасым-жомарт тоқаев
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65367398_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_2206adbbd0950bcdf047d3d8c1591229.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі сенімді түрде артып, әлемдік аренадағы аймақтың үні айқын әрі салмақтырақ шыға бастады деп санайды. Бұл туралы ол Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы ықпалдастықтың барлық негізгі мәселесі былтыр Ташкентте өткен кездесуде егжей-тегжейлі талқыланғанын атап өтті.Мемлекет басшысы дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама көтергені үшін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа шынайы ризашылығын білдірді."Қырғыз халқы – қазақ халқы үшін бауырлас ел. Біз бәріміз – бір туған ағайын халықпыз. Біздің арамызда қалыптасқан достық, сенім, туысқандық және өзара қолдау – ата-бабамыздан өсиет болып қалған қасиетті аманат әрі мәңгі құндылық. Қазіргі таңда біз Қырғызстанның қарқынды дамуына куә болып отырмыз. Сіздер қол жеткізіп жатқан әр жетістікке шын жүректен қуанамыз. Қырғыз елінің өсіп-өркендеуі – Орталық Азияның тұрақтылығы мен баянды дамуының маңызды кепілі", – деді Қазақстан президенті.
https://sputnik.kz/20260731/toqaev-sholpan-ataga-bardy-65361620.html
орталық азия
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65367398_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_a72ebb9168796e14fe3ff00b126fb19f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орталық азия, қасым-жомарт тоқаев, қырғызстан
орталық азия, қасым-жомарт тоқаев, қырғызстан
Жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі артты – Тоқаев
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық үдерістерде Орталық Азияның рөлі сенімді түрде артып, әлемдік аренадағы аймақтың үні айқын әрі салмақтырақ шыға бастады деп санайды. Бұл туралы ол Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Бұған Қырғызстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы (2027-2028 жылдарға) жарқын мысал бола алады. Орайлы сәтті пайдалана отырып Қырғыз президенті құрметті Садыр Жапаровты және барша қырғыз халқын осы тарихи жетістікпен құттықтаймын", – деді президент.
Мемлекет басшысы ықпалдастықтың барлық негізгі мәселесі былтыр Ташкентте өткен кездесуде егжей-тегжейлі талқыланғанын атап өтті.
"Сол кезде айтылған бастамалар, соның ішінде Консультативтік кездесулерді институционалдық тұрғыдан дамыту мәселесі әлі де өзекті және оны іске асыру мақсатында бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Қазақстан қол жеткізген келісімдерге ынталы, елдеріміз арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған жасампаз бастамаларды одан әрі ілгерілетуді көздейді. Бірлескен күш-жігер арқылы ортақ прогресс жолында бұдан да биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама көтергені үшін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа шынайы ризашылығын білдірді.
"Қырғыз халқы – қазақ халқы үшін бауырлас ел. Біз бәріміз – бір туған ағайын халықпыз. Біздің арамызда қалыптасқан достық, сенім, туысқандық және өзара қолдау – ата-бабамыздан өсиет болып қалған қасиетті аманат әрі мәңгі құндылық. Қазіргі таңда біз Қырғызстанның қарқынды дамуына куә болып отырмыз. Сіздер қол жеткізіп жатқан әр жетістікке шын жүректен қуанамыз. Қырғыз елінің өсіп-өркендеуі – Орталық Азияның тұрақтылығы мен баянды дамуының маңызды кепілі", – деді Қазақстан президенті.