Қазақстандық бойжеткен Сербияда қайтыс болды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан азаматының паспорты
Қазақстан азаматының паспорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
Сыртқы істер министрлігі отбасыға көңіл айтып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық бойжеткен Сербияда қайтыс болды. Оқиғаға қатысты сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.
Сербияның Белград қаласында Қазақстан азаматы Амира Қанат белгісіз жағдайда қаза болды.
Марқұмның туыстары оны көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан біреулер лақтырып жібергенін айтып, әділдік іздеп жүр. Сыртқы істер министрлігі отбасыға көңіл айтып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
"Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзыретті органдармен бірлесіп, орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп жатыр”, - дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігінде.
Мәселе министрліктің бақылауында, дейді ведомствода.
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Жаңалықтар
0