https://sputnik.kz/20260617/aqsh-ta-terrorizmge-qatysy-bar-degen-kudikpen-qazaqstan-azamaty-ustaldy-64181552.html
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол 5 маусымда федералды серіктестердің қолдауымен қамауға алынған 17.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-17T14:07+0500
2026-06-17T14:07+0500
2026-06-17T15:32+0500
қазақстан сім
ақш
қазақстан азаматы
https://sputnik.kz/img/07ea/06/11/64180360_0:97:1280:818_1920x0_80_0_0_e7348df825fddae3f1baeb043c019000.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) ер адамның қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, ол федералды серіктестердің қолдауымен 5 маусымда қамауға алынған.Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам белгілі немесе күдікті террористер тізімінде болған. 2025 жылдың жазында АҚШ иммиграциялық соты оны депортациялауға шешім шығарды, бірақ ол сот отырысына келмей, елде қалған.Осы оқиғаға қатысты журналистердің сұрағына сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев жауап берді.Ұсталған қазақстандық қазір қамауда отыр. Ол Америка Құрама Штаттарынан депортациялау құжаттары аяқталғанша сонда болады.Кейін Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар екенін, қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.
https://sputnik.kz/20260616/aqsh-ta-qaytys-bolgan-qazaqstandyqtyn-kim-ekeni-belgili-boldy--64158133.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/11/64180360_0:97:1280:1058_1920x0_80_0_0_0f5ccafbeb7ddba2199c8ae5779b6771.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан сім, ақш, қазақстан азаматы
қазақстан сім, ақш, қазақстан азаматы
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
14:07 17.06.2026 (жаңартылды: 15:32 17.06.2026) Ол 5 маусымда федералды серіктестердің қолдауымен қамауға алынған
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) ер адамның қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, ол федералды серіктестердің қолдауымен 5 маусымда қамауға алынған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам белгілі немесе күдікті террористер тізімінде болған. 2025 жылдың жазында АҚШ иммиграциялық соты оны депортациялауға шешім шығарды, бірақ ол сот отырысына келмей, елде қалған.
Осы оқиғаға қатысты журналистердің сұрағына сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев жауап берді.
"Шетелдегі ондаған және жүздеген қазақстандықтың басынан түрлі жағдайлар өтіп жатыр, мен олардың барлығын физикалық түрде есіме түсіре алмаймын.Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сізге артынан жауап қайтарамыз", - деді Ашықбаев.
Ұсталған қазақстандық қазір қамауда отыр. Ол Америка Құрама Штаттарынан депортациялау құжаттары аяқталғанша сонда болады.
Кейін Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар екенін, қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.