https://sputnik.kz/20260731/ontustikte-shardara-qalasyn-su-qoymasyna-taueldilikten-aryltatyn-zhoba-iske-qosyldy-65374283.html
Оңтүстікте Шардара қаласын су қоймасына тәуелділіктен арылтатын жоба іске қосылды
Оңтүстікте Шардара қаласын су қоймасына тәуелділіктен арылтатын жоба іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Жоба Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді 31.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-31T18:45+0500
2026-07-31T18:45+0500
2026-07-31T18:45+0500
түркістан облысы
ауыз су
үкімет
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65374119_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7eea5ab4feeb05e29942ab05094a8aa6.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Түркістан облысында "Тама-Тастанбек" топтық су құбыры пайдалануға берілді, деп хабарлады үкімет.Үкіметтің қолдауының арқасында әзірленген бұл жоба екі жыл ішінде жүзеге асырылды.Сондай-ақ бірінші және екінші көтергіш сорғы стансалары бой көтерді. Бұдан бөлек, тереңдігі 110 метр болатын 14 ұңғыма бұрғыланып, 133 құдық камерасы орнатылды.Айта кету керек, бұған дейін Шардара қаласының ауыз сумен қамтылуы Шардара су қоймасының жағдайына тікелей байланысты еді. Енді заманауи талаптарға сай жүзеге асырылған ауқымды жобаның арқасында қала тұрғындары тәулік бойы "Тама-Тастанбек" жерасты кен орнынан алынатын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
https://sputnik.kz/20260716/qazaqstanda-2026-zhyly-200-industriyalyq-zhoba-iske-qosylady-64946474.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65374119_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_a5d14f0e6087e82efb2db46537b77195.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ауыз су, үкімет
түркістан облысы, ауыз су, үкімет
Оңтүстікте Шардара қаласын су қоймасына тәуелділіктен арылтатын жоба іске қосылды
Жоба Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Түркістан облысында "Тама-Тастанбек" топтық су құбыры пайдалануға берілді, деп хабарлады үкімет.
Үкіметтің қолдауының арқасында әзірленген бұл жоба екі жыл ішінде жүзеге асырылды.
"Жоба Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, қаланы Шардара су қоймасына тәуелділіктен арылтады. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында жалпы ұзындығы 39,3 шақырымды құрайтын екі магистральдық су құбыры тартылып, таза суға арналған төрт резервуар мен су тазарту қондырғысы салынды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ бірінші және екінші көтергіш сорғы стансалары бой көтерді. Бұдан бөлек, тереңдігі 110 метр болатын 14 ұңғыма бұрғыланып, 133 құдық камерасы орнатылды.
Айта кету керек, бұған дейін Шардара қаласының ауыз сумен қамтылуы Шардара су қоймасының жағдайына тікелей байланысты еді. Енді заманауи талаптарға сай жүзеге асырылған ауқымды жобаның арқасында қала тұрғындары тәулік бойы "Тама-Тастанбек" жерасты кен орнынан алынатын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.