Ақмола облысында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп көз жұмды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуТау өзені
Тау өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаментінде жігіттің аса қауіпті жерден суға секіргенін айтады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Есіл ауданында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жас жігіт суға жағалаудың жайсыз жерінен, биіктіктен секірген. Алайда су түбінде тас көп болып, судың ол жердегі ағысы да қатты болған.
Төтенше жағдайлар департаментінде жігіттің аса қауіпті жерден суға секіргенін айтады.

"Ер адам тасқа басымен соғылып, суға тұншығып кеткен. Денесі жарты сағат бұрын жағалаудан 200-250 метр жерден табылды" - дейді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде.

Айта кетейік, бір ғана Ақмола облысында биыл 26 адам сауға батып, мерт болды.
Құтқарушы жабдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Қапшағайда екі адам суға батып кетті: біреуі - құтқарушы
Жаңалықтар
0